Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ЗАҢ БҰЗА МА?

c 14:01, 22/04 c 1

Елде жеке сот орындаушы институты енгізілгелі, олардың жұмысына көңілі толмайтындар саны да артты. Олар сот шешімі бойынша қарыздарды өндіріп алумен айналысатын адамдар. Алиментін төлемей жүргендердің соңына түсіп, өндіріп алады. 90 күннен асып кеткен тұтынушылық несиелерге және коммуналдық қызметтерге жиналған үлкен қарыздарға қатысты сот шешімдерін орындайды. Сот орындаушысының жұмысы – борышкерлермен тоқтаусыз күрес, қағазбастылық, жанжал мен шағымдарға толы. Алайда көпшілік үшін “сот орындаушылары” оларды қанап жатқандай көрінеді. Шын мәнінде, кейбір сот орындаушылары борышкерлерге қарызды төлеуге мәжбүрлеу үшін қорқыту мен психологиялық қысым қолданған жағдайлар тіркелуде. Ал сот орындаушыларының өздері болса, борышкерлердің шағымдары негізсіз, бұл алимент төлеуден әдейі қашатындардың пайымы дегенді алға тартады. Бірақ іс жүзінде жекеменшік сот орындаушыларына қатысты шағымдар саны екі есеге артты. Өткен жылы әділет органдарына мәжбүрлеп орындату саласы бойынша 89 мың өтініш пен шағым келіп түскен. Азаматтар орындау парақтарының шығарылғаны туралы хабарланбағанына және олар бұл туралы тек мүліктеріне тыйым салынғаннан кейін ғана білгендеріне шағымданған. Депутаттардың қолына түскен деректерге сенсек, жеке от орындаушылары ақша жеуге келгенде алдына жан салмай тұр. Мәжілісмен прокуратураның мәліметін алға тартты

Депутаттар жеке сот орындаушылар тарапынан заң бұзушылықтар жиі тіркелетінін жарыса айтты. Осы орайда заңды белден басқандардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынды.

Әділет министрлігін енді ғана тізгіндеген министр Сәрсембаев мәжіліске алғашқы рет келіп отыр. Келе сала депутаттардың сынына ілікті.

Министрдің айтуынша, қазір елдегі жеке сот орындаушылардың саны 2101адамды құрайды, ал олардың еңбекақысы өндірілген соманың пайызынан құралады. Әділет министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 57 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылса, 7-нің лицензиясы тоқтатылды. Ал 2025 жылы 8 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.