Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жастар қалқаны - 2025» пікірсайыс турнирі

c 18:07, 17/04 c 5

Орал қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Жастар қалқаны - 2025» атты пікірсайыс турнирі өтті.
Шараны ұйымдастырушылар - Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық даму басқармасы мен Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық.Орал қаласында өткен «Жастар қалқаны - 2025» пікірсайыс турнирі жоғары оқу орындарының белсенді студенттерін бір алаңға жинады.Қатысушылар деструктивті идеологиялардың алдын алу, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қоғамдағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықтың маңыздылығы жөнінде пікірталас жүргізді.Бұл жобаның басты мақсаты - жастардың ой-өрісін кеңейту ғана емес, сонымен қатар оларды теріс діни ағымдардан сақтандыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.Финалдық кезеңге 8 үздік студент жолдама алды. Олар пікірсайыс алаңында өз білімдерін, сыни ойлау қабілетін және өз ұстанымын дәлелдей білу шеберлігін көрсетті.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар арасында азаматтық сана мен патриоттық рухты қалыптастыруға, радикалды көзқарастарға қарсы тұруға бағытталған.Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл жобаның өңірдегі тұрақтылық пен татулықты нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.