БҚО денсаулық сақтау басқармасына қарасты № 1 қалалық емхана өртенді. Бұл оқыс оқиға демалыс күні түс мезгілінде тіркелді.Бұл әлеуметтік желіде жарияланған жазба. Көріп тұрғандай кіреберіс күлге айналған. БҚО ТЖ департаментінің мамандары мәлім еткеніндей, оқиға 13 сәуір күні болды. Сағат 14.36-да Н.Назарбаев даңғылы 206А-мекенжайында орналасқан емхана ғимараты жанғаны жөнінде хабар түскен. Емханада шамамен 500 қызметкер жұмыс істейді, ал медициналық мекеме 70 мың адамға ем-дом шараларын жасайды.Тілсіз жау тұтанғанда емханада күзетші болыпты. Жану дерегі демалыста тіркелу себепті абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.Медициналық мекеме директоры бұл олқылық көп ұзамай қалыпқа келетінін жеткізді. Алайда түсірім жұмысы барысында қолғаны қапқан түтін иісінің әлі толықтай кетпегіні байқалды.
Аталмыш жағдайды желеу етіп биылғы жылы жалпы өңірдегі медициналық нысандарды жөндеу жаңғырту бойынша мәліметті білмек болып денсаулық сақтау басқармасы басшысының есігін қақтық. Басқарма басшысы Мадияр Амангелдіұлының айтуынша қазірдің өзінде бірқатар маңызды нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып, басталып кеткен. Олардың қатарына Шыңғырлау аудандық ауруханасы, Қаратөбедегі қос нысан және облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық корпусы және қыс мезгілінде температуралық режимге қатысты мәселелер байқалған облыстық балалар ауруханасынадағы күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл шараларға жалпы сомасы 3 млрд теңге қаражат жұмсалмақ. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 14 елдімекенде денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жаңғырту жұмыстары мамыр-маусым айларына жоспарланған.