Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЛЕМ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛДЫНДА ТҰР

c 17:35, 10/04 c 7

Әлемде орын алып жатқан геосаяси ахуал, АҚШ-тағы ықтимал экономикалық құлдырау мен жаһандық экономикалық өсімнің баяулауы туралы сарапшылар жарыса айтып жатыр. 2025 жылдың сәуір айында әлемдік қор нарықтары АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігінің импортқа қатаң тарифтер енгізуіне байланысты күрт төмендеді. АҚШ әлем елдерімен, тіпті шағын аралдарды қоса алғанда сауда соғысын бастады. Экономистер бұл жағдайды қаржылық болмаса да, сауда-экономикалық дағдарыстың басталуы деп бағалап отыр. Бұл толыққанды экономикалық дағдарысқа ұласуы мүмкін деген болжам да бар. Мемлекет басшысы әлемде орын алып жатқан бұл жағдай біздің елді де айналып өтпейтінін айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ « Көптеген сарапшылар әлем соңғы онжылдықтардағы ең ауыр дағдарыстың табалдырығында тұрғанын айтуда. Барлық елдердің бір-біріне қарсы тарифтік соғыстары өндірістік және сауда тізбектерінің үзілуіне, нарықтардың құлдырауына, шикізат бағасының құбылмалылығының жоғары болуына алып келуде. Бұл жағдай Қазақстанды да айналып өтпейді».

АҚШ Президенті Трамптың тарифтер енгізуі Уолл-стритте $2,5 трлн шығынға алып келіп, жаһандық экономикалық құлдырау қаупін күшейтті. 50-ден астам ел АҚШ-қа тарифтерді қайта қарау туралы өтініш білдірді. Бұл жаһандық алаңдаушылықты және әлемдік саудаға төнетін ықтимал салдарды көрсетеді. Әлемдік БАҚ Қытай қор нарықтарындағы «үрейлі сатылымдар» туралы жазуда, бұл инвесторлардың АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысының ушығуына байланысты алаңдаушылығын білдіреді. Ел үкіметі қарап отырмауы керек. Президент министрлер кабинетіне әрекет ету жоспарын шұғыл түрде аяқтауды тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың әрекет ету жоспарын шұғыл түрде аяқтауды тапсырдым. Мақсат – экономикалық өсім қарқыны мен инвестициялар ағынының төмендеуіне жол бермеу. Қазіргі жағдайда инвестициялар үшін күрес басталады. Бұл ретте біз өте жақсы формада болуымыз керек. Біз барлық нұсқаларға дайын болып, прагматикалық әрі сенімді әрекет етуіміз қажет. Дағдарыстардың жақсы жағы – олар басқарушылардың іскерлік қабілеттерінің бар-жоғын айқын көрсетеді және жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Экономистер қаржы дағдарысының басталғанын жарыса айтуда. Сарапшылар 2025 жылы дағдарыс болу ықтималдығы жоғары деп отыр. Иә, қаржы дағдарысы ресми түрде әлі басталған жоқ, бірақ алаңдатарлық белгілер бар. Ресми түрде қаржы дағдарысы дегеніміз – акциялар бағасының 20-25%-ға төмендеуі. Дағдарыстың қаншалықты ауыр болатыны Трамптың тарифтерді қаншалықты тез жоятындығына байланысты. Кейбір сарапшылар бұл тарифтер арқылы басқа елдерді қорқытып, сауда серіктестерінен жеңілдіктер алу көзделген әрекет дейді. Алайда кейбір сарапшылар дағдарыс болмайды, бұл нарықтағы құбылмалы қалыпты жағдай деп жұбатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.