Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ

c 09:13, 10/04 c 4

Еске сала кетейік, әу баста Бектенов үкіметі қосымша құн салығын 20 пайызға өсіремкші болды. Кейін ол райынан қайтып, 16 пайызға көтереміз деп шешті. Ал қосылған құн салығын төлеу шегін 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге бірақ түсірмекші болды. Бірақ бизнес қауымдастығы бұған қарсылық білдірді. Бұның соңында қымбатшылық орын алып, тұтынушы-қара халыққа салмақ түседі деген пікірлер айтылды. Бірақ үкіметтің ұсынысы жүзеге аспай жатып елде қымбатшылық  белең алды. Үкімет ҚҚС өсіруге қатысты ұсынысын Парламентке енгізгеннен кейін, екі арада тартыс басталды. Мәжілістегі саяси партиялардың өкілдері өз қарсылықтарын жариялады. Не керек Салық Кодексіндегі қызу талқыға түскен қосымша құн салығы бойынша үкімет пен Парламент бір байламға келген екен. Үкімет ҚҚС 16 өсіру туралы райынан қайтпады. Бірақ  қосылған құн салығын төлеу шегін 40 млн теңгеге көтерді.  Еске сала кетейік, әу баста Бектенов үкіметі қосымша құн салығын 20 пайызға өсіремкші болды. Кейін ол райынан қайтып, 16 пайызға көтереміз деп шешті. Ал қосылған құн салығын төлеу шегін 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге бірақ түсірмекші болды. Бірақ бизнес қауымдастығы бұған қарсылық білдірді. Бұның соңында қымбатшылық орын алып, тұтынушы-қара халыққа салмақ түседі деген пікірлер айтылды. Бірақ үкіметтің ұсынысы жүзеге аспай жатып елде қымбатшылық  белең алды. Үкімет ҚҚС өсіруге қатысты ұсынысын Парламентке енгізгеннен кейін, екі арада тартыс басталды. Мәжілістегі саяси партиялардың өкілдері өз қарсылықтарын жариялады. Не керек Салық Кодексіндегі қызу талқыға түскен қосымша құн салығы бойынша үкімет пен Парламент бір байламға келген екен. Үкімет ҚҚС 16 өсіру туралы райынан қайтпады. Бірақ  қосылған құн салығын төлеу шегін 40 млн теңгеге көтерді.

Бірақ вице-премьер 160 мың салық төлеушіден айырыламыз,  бюджетке түсетін 400 млрд теңгеден қағыламыз деп отыр.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МНИСТРІ «40 млн теңге деген ортақ байлам болды. Үкімет пен депутаттардың конструктивті ұстанымының арқасында осындай ымыраға қол жеткіздік. Бірақ мұндай шек болғанда 160 мың салық төлеушіден айырылатынымызды айтқым келеді. Сондай шамамен 400 млрд теңгедей қосымша бюджет түсімінен қағыламыз. Біздің бизнесмендер Үкімет те, Парламент те осындай ымыраға баруға дайын екенін түсінсін деп айтып тұрмын»

Салық реформасы аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі қатаңдатылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады. Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады. Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі мөлшерлеме – 20%.Банк және ойын секторы үшін – 25%, ауыл шарушалығы үшін 3 пайызды, өңдеу өнеркәсібі – 20% құрайтын болады. Айтпақшы байлық салығы енгізілетін болды. Жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылды. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспары бар деді вице-премьер.Қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылып отыр. Осылайша үкімет салық көтеріп, қазынаны толтырмақшы. Ал депутаттар халыққа салық салмағын салғанша, шетелге жылыстаған активтерді қайтарып, кезінде мемлекет қолдаған банктерден алғанын қатйрауды ұсынды. Мәжілісмен Бәпидің айтуынша, 2008-2017 жж аралығында банктерді сауықтыруға ұлттық қордан 15 млрд доллар бөлінген.

Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оны әлі де талқылап, ұсыныстарын енгізбекші.Одан әрі бұл құжат сенатқа өтіп, содан кейін ғана президенттің қол қоюына жіберіледі. Жаңа Салық Кодексі 2026 жылдан бастап енгізілмекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.