Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

c 09:02, 10/04 c 4

Қазақстанда туризмнің дамуына не кедергі? Бұл сұрақ 30 жылдан артық көтеріліп келеді. Бірақ күн тәртібінен түспей отыр. Туристер үшін тамашалайтын ғажайып жерлеріміз баршылық. Алайда жағдай жасалмаған. Елде туристердің жүріп-тұруына сапалы жол, қарапайым қызмет көрсету, тіпті жол бойындағы дәретхана проблемасы кедергі. Депутаттар туризм саласындағы кәсіпкерлерге мүмкіндік беріп, қаражатын құйып жатқандарға қонақ үй құрылысын бітіргенше, барлық салықтан босатқан дұрыс деген еді. Туризм министрінің мәліметінше, өткен жылы Қазақстанға келген туристер саны 15,3 млн-ды құрады. Бұл саланы цифрландыруды қолға алып жатқан Мырзабосынов енді елге келген туристер алданып қалмасы үшін қажетті қызметті брондауға арналған QR-код жүйесін енгізбекші.

Сондай-ақ, министр елдегі қонақ үйлердің дені заманауи әрі халықаралық стандарттарға сай емес екенін мойындап отыр. Қолданыстағы қонақ үй критерийлері 2008 жылдан бері өзгертілмепті. Сол себепті қонақ үй сервисін арттыру реформасын жоспарлауда. Өз кезегінде үкімет басшысы әуежайлардан бастап қонақ үйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарын түгел қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан ревизия жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттырып, дәретханалар мәселесін шешу де сөз болды.

Туризм министрлігінің мәліметінше, осыдан төрт жыл бұрын жол бойындағы дәртхана тапшылығы 493 құраса, қазір 300 дәртехана салыныпты. Айтпақшы Үкіметтегілер туризмді дамытудың бір жолы ретінде елге әлемдік жұлдыздарды шақырып, қазынаны толтырып алмақшы. Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінен 400 млн теңге салық түседі деп санап та қойыпты.

МӘЛІК ХАСЕНОВ – «АСТАНА КОНЦЕРТ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРОДЮСЕРІ «Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын қуанышты хабарды жеткізгім келеді. 1 тамызда «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді, ол толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылған. Бұл концертке 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп болжап отырмыз. Қаланың экономикасына, HoReCa жүйесіне (қонақ үй, мейрамхана, кейтеринг) 6,5 млрд теңге және концерт өткізуден 400 млн теңгеден астам тікелей салық түседі».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.