Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағбан бағы сегіз жылда қалыпқа келеді

c 09:27, 08/04 c 6

Бағбан Қайрат Кәрімов кеше 1500 алма жемісінің көшетін таратты.Ғалым ондағы мақсат жоғалып бара жатқан алма түрін сақтап қалу дейді.Қазір ғалым былтырғы тасқын судан аман қалған ағаш түптерін сақтап, қалыпқа келтіру үшін бар күшін салуда. Сол себепті кешегі күні қалалық бағбандарға әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялап бір мың жарым көшетті тегін таратыпты. Бүгін де бұл шара жалғасуда.Ал бұл биологиялық ғылыми бақты толықтай қалыпқа келтіруге 8 жыл уақыт қажет екен. Бағбан осы орайда енді алма түрін шамамен 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Ал сұраптарын өзгертетінін де айтады. Себебі бұған дейінгі өсірілген жемістердің ішінде өңірдің ауа райына шыдас бермей жеміс бермеген. Ал мемлекет тарапынан тасқын судан келген залалды өтеуге қаражат бөлініп, беріліпті. Оған трансформатор, мотоблоктар, инфрақызыл кептіргіш шкаф, Беларусь тракторын жөнделіпті.
Өткен жылы тасқын судан өңірдің ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай шығынға ұшырады. Екі жарым мың бас ірі қара мен ұсақ мал қырылды. 4 мың гектарға жуық егістік алқап суда қалды. Шаруаларға 400 млн теңге көлемінде өтемақы берілген. Қайрат Кәрімов жұбайымен Шаған өзенінің жағасындағы осынау кең жерді үлкен алма баққа айналдырды. 10 жылдан астам тынымсыз еңбек етіп, алма мен жүзімнің 200-ге жуық түрін өсірді. Әдемі де ерекше ағаштарды екті. Бірақ тасқын еңбекті еш қылды. Жеміс ағаштарының 80%-і өлді. «Аман қалғаны жүзім ғана», - деп таңданады бағбан.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.