0:00 / 0:00
БҚО-да жолаушы тасымалымен айналысатын көліктердің қатысымен 200-ден астам құқықбұзушылық тіркеліп отыр. Дабыл қаққан ішкі істер департаменті жолаушыларға қауіпсіздікті ұмытпау қажетін ескертуде. Айта кетейік, бір жылдың ішінде аймақта жолаушы тасымалдайтын жеңіл автокөлікке отырған 35 адамның өмірі қиылған. Сол себепті тәртіп сақшылары заңсыз қызметпен күресті қатаңдатып отыр.