0:00 / 0:00
Шалғай ауылда тұратын ауыл тұрғындары үшін игі жаңалық. Биылғы жылдан бастап облысымыздың үш ауданында кіші аэродром құрылысы басталмақ. Шағын әуежайлардың құрылысы Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының орталығы деп бекітіліпті. Сала мамандары биылғы жылы тек барлық әуе нысандарының құжат жүзіндегі үлгісі жасақталады,- дейді. Қазіргі таңда Сайхын ауылында бой көтермек нысанды жоспарлауға қатысты мемлекеттік тендер жарияланыпты. Аудан әкімдіктері әрбір аэродром үшін 120 гектар жер бөлген. Сала мамандары биылғы жылы бастауын алатын жоба азаматтарға облыс орталығына қатынау барысында таңдау мүмкіндігін тудырып, төтенше жағдай орын алған кезде, сондай-ақ, жедел медициналық көмек керек болған тұста уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді деген пікірде.