0:00 / 0:00
Батысқазақстандық сот жүйесі толығымен электронды жүйеге көшті. Әділет ғимаратының кіреберісінен басталған жаңашыл жүйе тіпті сот кабинеттерінде де жалғасын тапқан. Бұл ақпараттық киоскіде сот актілерінің, сот отырыстарының тізімдері мен түрлі үлгідегі құжаттар сақталған. Бұның барлығы да соттың ашықтығын қамтамасыз етпек. Үздіксіз жұмыс істейтін киоск қазірдің өзінде зор сұранысқа ие. Жоғары технологиялар сот отырыстарында да қолданылып отыр. Енді сот ісіне қандай да бір қатысы бар кез келген азамат отырыс барысын еліміздің әр аймағынан виртуалды түрде қарап, қатысуға мүмкіндік алып отыр. Осылайша, тіпті шетелмен де байланысуға мүмкіндік бар. Айта кетелік, «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасын жүктеу арқылы, жаңа қызметтер жөнінде ақпарат алуларына мүмкіндік бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған.