Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«5 МИНУТ ТУРАЛЫ НОРМА ЖОҚ»

c 18:34, 03/02 c 3

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар қызу талқылап жатқан автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыпұл салынады деген норма жол қозғалысы туралы заңда атымен жоқ болып шықты. Бір қызығы әлеуметтік желіде желідей ескен бұл ақпаратты депутаттар да, кейбір министерлерде талқылап пікірлерін жарыса айтқан еді. Ал Қазақстандықтар бұл айыппұл жинау үшін енгізілген норма деп сынап жатты. Еске сала кетсек, аулада жүргізушінің көлігін 5 минуттан артық қыздырғанын дәлелдейтін бейнетаспа болған жағдайда ғана айыппұл салынады. Суық аймақтарда көлікті қыздыруға 20 мин уақыт керек деген пікірлер әлеуметтік желіде кең тарады. Бұрынғы Ішкі істер вице-министрі, қазіргі сенатор Марат Қожаев та бұл нормадағы талап дұрыс деп пікірін жеткізгенді. Тіпті Экология министрі Ерлан Нысанбаев мұндай норма 20 ж бұрын қабылданған, қоршаған ортаны қорғау үшін бұл талап керек екенін айтқаны есімізде. Ол аздай министр көлікті қыздыруға 5 минут жеткілікті екенін дәлелдеу үшін эксперимент жүргізіп, оны әлеуметтік желіге салған еді.
Ал депутаттар болса, құзырлы органдарға сауал жолдап 5 минут туралы нормаға қатысты түсінік беруді талап етті.

Алайда, фракция жиынында вице-министр Игорь Лепеха тиісті заңда автокөлікті 5 минуттан артық қыздырдыруруға тыйым салатын норма жоқ екенін айтты.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ «5 минут деген ұғымға тоқтала кетейін. Жол қозғалысы туралы заңдағы "бес минут" нормасы тек "тоқтау" мен "тұрақ" ұғымдарын ажырату үшін енгізілген. Көлікті жылыту туралы заңда бес минуттық шектеу көрсетілмеген. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған жағдайда ғана елді мекендерде қозғалтқышы қосулы тұрған көліктің тоқтауына тыйым салынады. Яғни мен көлігіммен жүріп келіп, тоқтап қозғалтқышты сөндірмей, маңайдағы адамдарға кедергі келтірсем, түнде жүк көлігі мен газельдің гүрілдеген дауысы адамдардың ұйқысына кедергі жасап, шағым түссе жауапқа тартылады».

Лепеханың айтуынша, өткен жылы мұндай үш жағдай тіркелді, оның біреуін прокуратура жойды. Демек, біз қозғалтқышты жылыту үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз. Бұл – қолдан жасалған мәселе, – деп сендірді вице-министр.
Мұны естіген фракция депутаттары азаматтарды шатастырып, резонанс тудырған ақпарат үшін Ішкі істер министрлігіне кінә тақты.

БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Заңда 5 минут ұғымы жоқтығын дер кезінде хабарлап, түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген мемлеекттік органдардың шикігілі. Сіздер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізбедіңіздер. Сіздер ажғдайды ушықтырып, елді шулатып қойдыңыздар. Мен де заңнан осы норманы таппадым. Ішкі істер министрлігі дер кезінде түсіндіру жұмысатрын жүргізуі керек еді»

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғандарғаным үшін айыпұл салып жатыр деген Петропаулдық тұрғынның видеосы да тарағанды. Оны көршісі түсіріп алып, шағымданған көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.