0:00 / 0:00
Ауыл-ел бесігі деген мемлекеттік бағдарламаның аты затына сай болмай тұр. Бүгінде бір емес, бірнеше бағдарлама бар . «Ауыл – ел бесігі» және «Ауыл аманаты» жобалары елдегі ауылдарды толық қамти алмауда. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір жылда Қазақстанда тіркелген 6 208 ауылдың 78-і картадан жойылып кетті. Депутаттар ауылдар азайып барады деп дабыл қақты. Соңғы төрт жылда ауылдардың жабылуы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Соның ішінде Түркістан, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарында көп ауыл жабылды. Қазақстандағы ауылдық елді-мекендердің жартысынан астамында халық саны 500 адамнан аз, сондықтан олардың даму әлеуеті төмен деп бағаланды.Өткен жылғы көрсеткіште ел бойынша халықтың 37,3 пайызы ауылда тұрады. Мәжіліс депутат Ринат Зайытов ауылдар қайырымсыз баласы қаңғыртып жіберген қарияның күнін кешіп отыр,- дейді.
Жақында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы үкіметке ауылдарды дамытуға арналған жоғарыда аталған бағдарламаларды біріктіруді тапсырғанды. Ауылдықтар үшін басты проблема-инфрақұрылым.Сапасыз жолдар, ауыз су проблемасы, байланыстың нашарлығы тағы бар.
Депутаттың айтуынша, ауыл миграциясы әлі де жалғасады. Алдағы уақытты Абай облысы Аягөз ауданында да 10-нан астам ауылды жапқалы жатыр екен. Ауылдарды сақтап қалуға ниет білдіріп жатқан ешкім жоқ. Тек жабу жүріп жатыр. Зайытов
бұл әрекеттердің ары жағында халықтың бәрін мәжбүрлі түрде қалаға көшіру керек деген жымысқы саясат бар ма деген күмәнді сұрағын алға тартты. Өз кезегінде ауылдарды сақтап қалу үшін үкіметке бірнеше ұсынысын жолдады. Ауыл әкімдерінің пәрменін күшейтуді, ауылдарды техникамен қамтуды, ауым проблемасын ұлттық деңгейге көтеріп, мемлекеттік комиссия құруды және ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру, қоныстандыруға бағытталған жұмыс жоспарын құрып, оны ауылдық жастарға жеткізуді сұрады.