0:00 / 0:00
Арзан ештеңе жоқ. 2025 жыл қымбатшылықпен басталып жатыр. Ақпан айынан бастап қазақстандық жүргізушілердің қалтасына салмақ түседі. Қара алтынның үстінде отырған Қазақстанда жанар-жағар май бағасының қымбаттауы парадокс деген пікірлер бар әрине. Үкіметтегілер елдегі бензин бағасы ресейлік жанармай құю стансаларындағы баға деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Себебі бағаның төмендігінен біздің отын Ресейге ағылып жатыр деген сылтауды алға тартады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы отынның арзандығы салық салу жүйесімен байланысты. Яғни Ресейде салық көп, сондықтан олардың бензині де қымбат. Ал бізде арзан. Бірақ бас энергетиктің өз дәлелдері бар.
АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Қайта өңдеу және мұнай өндiру салаларына инвестициялар қажет болған жағдайда бағаның көтерiлуi сөзсiз. Сондай-ақ, ел бюджетін толтыру керек. Осыған байланысты жиынтық бойынша бағалар өсетін болады. Біз бағаның күрт өсуіне жол бермейміз. Қазақстандықтарға зиян келтірмеуін бақылайтын боламыз».
Бәрібір министрдің бұл жұбатуы халықты сендіре қоймайтыны анық. Себебі, бензин бағасы реттелмейді. Қазақстанда шикізаттың бағасы 58%, ал салықтар 15% ғана құрайды, яғни бізде бағаның көтерілуінен мұнай компаниялары мен делдалдар ұтады. Ал отынның құнының өсуі қарапайым азаматтардың қалтасын қағады. Онсыз да тапқан табысы тамақтан арылма йотырған халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. БАҚ деректері бойынша Гелиос ", Sinooil," Газпромнефть-Казахстан "және PetroRetail жанармай ұю стансалары бар. Олардың артында бай бизнесмендер тұр. Айтпақшы, Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбаев «Кипрос» ЖШС иеленеді, ал оған PetroRetail компаниясы кіреді. Сонда шенеуніктер нарық жағдайды реттейді деп уәде беріп, сендіруге тырысады. Бұл ретте мемлекет мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шараларын енгізбек. Ақпан айынан бастап автокөлік жүргізушілерін жанар-жағармай стансаларында басқа баға күтіп тұр.
АЛМАСАДАМ САТҚАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Біздің болжамымыз бойынша,бензин бағасының өсуі 5 теңгеден аспайды. Біз нарыққа қатысушыларды осы индикаторға бағыттаймыз. Бұдан әрі бағаның тым күрт өсетінін байқасақ, әрбір жағдайға шұғыл ден қоямыз».
Бірақ қымбатшылық мұнымен тоқтамайды. Өздеріңізге мәлім, Сәтқалиев бағаның тек бензинге ғана емес, газға да көтерілетінін хабарлаған болатын. Алдағы уақытта газ бағасы да өседі. Қаралы қаңтар оқиғаларына түрткі болған осы газ бағасы болатын. Қазақстандағы наразылықтардан кейін газ бағасын төмендеткен еді. Енді өздеріңіз куә болып отырғандай, үкімет бағаны қайта көтерді. Бұл біздің газ өңдеу зауыттарын жаңғырту үшін қажет дегенді алға тартады энергетика министрлігі. Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында және ТМД елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін үшінші орында тұр. Жалпы алғанда, газ қоры 100 жылдан астам уақытқа жетеді. Бірақ Қазақстанда өндірілетін көгілдір отынның басым бөлігі экспортқа шығарылады.