Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР МӘМС-ТІ ТОҚТАТУДЫ ҰСЫНДЫ

c 15:25, 28/01 c 3

0:00 / 0:00

МӘМС-тен мән кетті. Қорға жиналып жатқан қазақстандықтардың жарнасы қайда кетіп жатқанында есеп жоқ. МӘМС арқылы ем-дом алу сапасы төмен- дейді депутаттар. Олардың айтуныша, МӘМС бойынша енгізілген қаржыландыру жүйесінің өзі артық қызмет көрсету мен «қосып жазуға» итермелейді, себебі қаражат әр емделген жағдай үшін емес, әр қызмет үшін төленеді. Нормативтер жоқ, цифрландыру жоқ, ал клиникалық хаттамалар мен стандарттар анық емес. Халық үшін МӘМС арқылы медициналық көмек алу қолжетімсіз болып отыр. МӘМС-ң ақшасына 5 айлық баланың тісін қанқұрттан емдеген деген мәліметті естіген депутаттардың төбе шашы тік тұрды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құрылғанына 6 жыл болды. Бұл жүйеге 3,5 млн қазақстандық тіркелмеген. Олар бүгінде медициникалық көмектен қағылып отырғандар.

Жоғарыдағы аталған МӘМС масқарасын естіген депутат Сәрсенғалиев, халықтың басын қатырмай бұл жүйені тоқтата тұруды ұсынды. Алайда, денсаулық сақтау министрі Әлназарова жүйеден бас тартайын деп тұрған жоқ.

Халыққалаулыларының айтуынша, бұл жүйеде марқұмдарды да тіркеп жіберген деректер де кезіккен. Былтыр Президент тапсырған медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да жасалмаған. Оған қоса Мемлекет басшысы айтқан “жергілікті билік өкілдері, әкімдіктер әлеуметтік осал топтардың кейбірінің медициналық сақтандыруын жергілікті бюджеттен төлесін” деген бастамасы да жүзеге асқан жоқ. Министрдің мәліметінше, республика бойынша МӘМС жүйесінде 1000 азамат жұмыс істейді. Олардың бір жылдық жалақы қоры 11 млрд теңгені құарйды. Халық қалтасынан тқөлеп жатқан жарнасына сапалы медициналық көмек ала алмай отырғанда, қор қызметкерлері үшін бұл өте көп ақша емес пе?-деген сұрақты да алға тартты депутаттар. Әлназарова ханым болса, жүйедегі кемшіліктерді жоямын деп ақталды. Соңғы 7 жылда Медициналық сақтандыру қорында 7 басшы ауысқан. Бұл Қорды тұрақсыздық жағдайға, кадрлардың жиі ауысуына әкеліп отыр. Ал өткен жылы МӘМС жүйесіндегі былықтарға қатысты 14 мың шағым түскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.