Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

c 14:17, 21/01 c 4

0:00 / 0:00

Төтеншеліктер тағы да ескерту жасайды. Әсіресе жекменшік тұрғын-үй алабындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауды үнемі ескертіп отырғанымен, қайғылы жағдайлар қайталануда. Ал тілсіз жау орын алғанда құтқарушылар келіп жеткенше, адам шығыны болады. Елімізде өрт сөндіру деполарының жетіспеушілігі тағы бар. Бұған дейін бас құтқарушы Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру бөлімшелерінің жағдайы мәз емес, 60-70 ж салынған ғимараттарды пайдаланудамыз, кезінде атқора болған нысандар да бар екенін айтқаны есімізде. Астанада 3,5 айда тез құрылатын конструкцияларды пайдалана отырып салынған өрт сөндіру бөлімшесі ашылды. Бұл әдіс еліміздің барлық өңірлеріне таратылатын болады, себебі еліміз бойынша 121 өрт сөндіру депосын салу керек. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға дайындықты күшейту үшін Ақмола облысында өрт сөндірушілерді, дәрігерлер мен құтқарушыларды қамтитын әмбебап бөлімшелер құру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Статистикаға сәйкес, өрттің көп орын алу кезеңі жылыту маусымы басталғанда орын алады. Өкінішке орай тілсіз ажудың құрбандары да осы кезде көп тіркеледі. Атап айтқанда, негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдар тұратын үйлерде пешті дұрыс қолданбау деректері тіркеледі. Олар көп балалы отбасылар, мүгедектер, жалғыз басты қарттар және әлеуметтік жағдайы төмен адамдар. Тұрғындар пеш мұржаларын дер кезінде тазалап отырмайды, соның салдарынан түтін үйдің ішіне тарап, адамдар улы газға тұншығып көз жұмып жатады. Үлкендердің қарауынсыз қалған балалардың құрбан болу деректері орын алуда. Өткен жылдың 11 қазанда Жітіқара қаласында орын алған өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. баларын қараусыз қалдырған анасы яғни сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Алайда, сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды. Қолында жас бала бар болғандықтан, жазаны орындау кейінге қалдырылды. Өрттің тағы бір себебі тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау. Газ балондар да жарылысқа әкелуі мүмкін. Қазақстанда 348 мың газ баллонын ауыстыру талап етіледі.

ЖӘНІБЕК ШАЯХМЕТОВ – ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ «2024 жылдың 1 қазанынан жылту мерзімі басталғалы жекменшік тұрғын-үй алабында 2200 өрт орын алды. Салдарынан 109 адам көз жұмды. 90 ажам жарақат алған. Сондай-ақ, тұтінге тұншығып, улы газға уланып қайтыс болғандар саны 23 адамды құраса, уланғандар саны 50 адам»

Айта кетейік, Қазақстанда бір жылда 800-ден астам орман өрті болған. Олардың үштен бір бөлігінің себебі анықталмады. 100 мың гектардан астам орман өртенді. Бұл шамамен Астананың айналасындағы үш жасыл белдеуді құрайды. Немесе 200 мың футбол алаңының аумағы. Естеріңізге сала кетейік, «Семей орманы» АҚ үш жетекшісі ұйымдасқан топ құрған және кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін пара алған. Олар заңсыз сыйақыны орманды ағаштарын санитарлық кесуге берген. Резерват басшылары 10 жылға сотталған. Қоғам қайраткерлері Қазақстанда жемқорлық болмаса, қасіреттің ауқымы әлдеқайда аз болар еді деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша ТЖМ басшылығы бұрын мәлімдегендей, 100 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді. Ең бастысы құтқарушылардың жалақысы аз. Ал ТЖМ қызметінің өзі жүйені техникамен жабдықтау үшін ақша сұрап отыр. Өртті сөндіру үшін бірден бірнеше тікұшақ қажет. Бірақ олар қымбат. Ал қаржы министрлігі осы салаға жұмсалатын шығындарды үнемдеп келген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.