0:00 / 0:00
Қазақстандықтар айыппұл жинаудан алдына жан салмайды. Әрине қоғамдық тәртіпті бұзбау, қоршаған ортаға зияныңды тигізбеу, жол ережесін сақтау керек. сірақ соңғы кездері айыппұлдардың саны тым көбейіп кетті деп отыр депутаттар. Ақылы автотұрақтардың өзі қалтаны қағып жатыр. Ақжолдық депутаттар бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, Қазақстан штрафстанға айналды деген еді. Мәжілісмен Ерубаев полицейлерге күн сайын кемінде 200 айыппұл жинау тапсырмасы берілетінін айтты. Әр полицей жоқ деген бес айыппұлдан жинауы керек.
Депутат айтып отырған бұл мәліметтер полицейлердің әңгімелерінен белгілі болған.Ол әлеуметтік желілерде тарады. Сонда айыппұл жинау-тапсырма ма?
Ерубаев ІІМ мұны жоққа шығарғанымен, Telegram әлеуметтік желісінде орналастырылған, , полиция қызметкерлерінің рациясынан «әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу бойынша жұмысты барынша күшейту» командасы анық естіледі дейді. Ал Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде деген. Бірақ жарияланған бейнетаспаның шынайылығын немесе жалғандығын растайтын қызметтік тергеу нәтижелері де жоқ дейді депутат. Ал ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха болса айыппұлдарға қатысты сұраққа депутаттар жауапты деген еді.
Депутаттар азаматтарға жаппай айыппұл салуға қатаң«нұсқаулар» белгілейтін заңдар қабылдаған жоқпыз. Ал негізсіз айыппұлдардың зардабын кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілер көріп отыр дейді. «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары Үкіметке жолдаған сауалында полиция басшыларының жаппай айыппұл салу туралы талабы бар бейнетаспаның шынайылығы жөнінде ресми түрде хабарлануын, осындай тапсырмалар берген басшылар анықталса оларды жауапқа тартуды талап етті. Сонай-ақ, өңірлердің климатын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған автокөлік қозғалтқышы бар тұрақ туралы норманы қайта қарауды және зиянды шығарындыларды азайту бойынша баламалы , әділ шараларды пысықтауды ұсынды.