0:00 / 0:00
Оралдағы апатты үйлерді бұзу жұмыстары басталып кетті. Ғ. Құрманғалиев көшесінің бойындағы ескі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріліп, апатты ғимараттың орнына жаңа 5 қабатты үй тұрғызылмақ. Бұл жұмыстар мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде қолға алынып отыр. Сау тамтығы қалмаған бұл үйден көшірілген тұрғындар, тозығы жеткен ғимараттан уақытылы кеткендеріне қуанады. Себебі, соңғы жылдары баспананың қабырғалары құлап, шатырынан шелектеп су кете бастапты. Ал, апатты деп танылған үйдің тұрғындарына бүгінде қала орталғынынан су жаңа үй берілген. ЖАңа пәтерге ие болған бұқара қалалық әкімдік өкілдеріне өз алғыстарын жаудыруда. Бұл үйдің жұмыстары Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі аясында қолға алыныпты. Мердігер мекеме жыл соңына қарай дәл осы жерде 5 қабатты жаңа үйдің бой көтеретіндігін айтады.Айта кетелік, биыл мемлкеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында апатты жағдайда тұрған 7 үйді қайта салу жоспарлануда.