0:00 / 0:00
Былтырғы жыл аяғында борышкерлер қарызы 1 млрд. теңгеден асатын. Аз уақытта оны өндіріп алу өзі шатқаяқтап отырған кәсіпорынға оңайға соқпады. ұзапқ жылдар бойы коммуналдық төлемнен жалтарып келген тұтынушының Жайық жылу қуат АҚ қызметкерлері ізіне түсіп, азық-түлік алуға шыққан бетін бағып, сот орындаушылармен бірге қолға түсірген. Тәуелсіз бағалаушылар оның үйінің бағасын белгілеп, мүлкін саттықа шығарумен борышты өтеп алған.
Өткен жылы қалада 30-дан астам борышкер болатын. Жалпы сомасы кәсіпорын 830 млн. теңге газға қарыз болса, тұрғындардың кәсіпорынға қарызы 500 млн. теңгені құрайды.
Борышкерлердің қарызын өтеу үшін жылжымайтын мүлігі кепілдікке алынып, шекарадан шығуға тыйым салынады. Коммуналдық ақыны уақытылы төлемеген тұтынушы-борышты толық өтемейінше, сот орындаушыларының құрығынан құтыла алмайды.