0:00 / 0:00
Қарызға батқандар. Қазақстанның сыртқы қарызымен бірге ел халқының екінші деңгейлі банктер алдындағы берешегі де өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы қазақстандықтардың кредиттік ұйымдардың алдындағы қарызы 22,7 трлн теңгеге жетті. Оның 50 пайызға жуығы тұтынушылық несие. Қалғаны ипотека, автокредит. Бұл жеке тұлғалар екенін атап өткізім келеді. Елімізде еңбекке қабілетті 9,7 миллионға жуық адам тіркелген болса, кредитке байланғандар саны осы көрсеткішке жетіп қалған. Сарапшылар алдағы 2-3 жылда банктерге қарызы барлар саны жұмыс істейтіндерден асып түсуі мүмкін деп деген болжамын алға тартады. Қазір 8,9 млн қазақстандықтың борышы бар. Яғни елде екінің бірі несиеге батқан . Баспана, автокөлік, тұрмыстық техника, киім-кешекті түгел несиеге алып жатыр. Өкінішке орай несиеге тамақ алатындар да жоқ емес. Кредиті жоқ адам кездестірсең таң қалатын жағдайға жеткенбіз.
Екінші деңгейлі банктер алдындағы қарызын өтей алмай жатқандар да баршылық. Ол үшін өзін банкрот деп жариялауға мүмкіндік беретін заң да қабылданды.
Кейінгі жылдарда енгізіліп жатқан түрлі шектеулерге қарамастан азаматтарымыздың тұтынушылық мақсатта алған несие портфелі өсіп жатыр. Несие алушылар 1 жылда 400 мың адамға артқан.Деректерге сүйенетін болсақ, жалғыз өзі 116 кредит алған адам да бар екен.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған мәліметте жеке қарыз алушылардың көпшілігін «миллениалдар» деп аталатын 1982-2000 жылдар аралығында туған адамдар құрап отыр. Бұл жылдарда туған адамдарда жауапкершілік бар екен. Олардың кредиттік тарихы жақсырақ. Ал кепілі бар қарыздар бойынша дефолттар мен банкроттыққа көп ұшырап жатқандар 1963-1981 жылдар аралығында дүниеге келгендер. Өкінішке орай 19 бен 24 ж аралығындағы жастар да кепілсіз берілген несиелері бойынша дефолтқа душар болып жатыр. Агенттіктің көңіл қоншытпайтын мәліметінде Қазақстанда ерлер мен әйелдер 2 қарыздан алатын айтылады. Ал банктердің несие пайызы жыл санап өспесе, төмендеп жатқанын байқамаймыз.