0:00 / 0:00
Доллар шарықтап, теңге әлсіреп жатыр. Дүйсенбі күнгі бағамға көз салсақ, бір долларыңыз 530 теңгеден асып жығылады. Қазақстанда дедолларизация енгізілгенімен, импортқа тәуелді елде доллардың шарықтауы алаңдатады. Соңғы бірнеше аптада валюта нарығында тұрақсыздық байқалып отыр. Ал бизнес пен қара халық алаңдаулы. Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап жатырмыз деген мәлімдемемен жұбатады. Бас экономист Нұрлан Байбазаров шұғыл түрде баспасөз маслихатын өткізіп, үкіметтің «Б» жоспарын баяндады. Ол АҚШ долларының шарықтауына үш фактор әсер етіп отыр дейді.
Байбазаров айтқандай, көршінің рубліне де күніміз түсіп отыр. Онсыз да күйіп тұрған қымбатшылық кезінде, теңгенің әлсіреуі қазақстандықтарға ауыр тиетіні сөзсіз. Техникадан бастап, қажетті тауарлар түрлері импортпен келеді. Үкіметтің не ойлағаны бар? Байбазаров тұтыну бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп,
инфляцияны тежеу шараларын жүзеге асырып жатырмыз дейді. Яғни ішкі нарықты тауарлармен толтырып, бәсекелестікті қорғап, сыртқы сауда иен тарифтерді реттемекші. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша инфляция 8,4%-ды құрап отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұрамыз дейді министр.
Бірақ халықтың қымбатшылықтан кедейленіп кетпесіне кім кепіл? Үкіметтің әзірге доллар бағамы 600 теңгеге жетсе әрекет ететін жоспары жоқ. Ал американдық доллар сағат сайын өсіп жатыр.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров болса алдағы жылы, жәрдемақылар мен зейнетақы көлемі өседі дейді. Ортақ зейнетақыны
8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақыны 6,5%-ға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылатын болады. Әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сома қарастырылған. Алайда үкімет 2025 жылғы бюджетті 470 доллар бағамымен бектікенін еске салығымыз келеді.