Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДОЛЛАР КЕТТІ ДОМАЛАП

c 08:47, 02/12 c 3

0:00 / 0:00

Ұлттық банктің апта соңында басты жаңалығы- базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін көтеру болды. Бас банкир осыдан кейін банктер теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін өсіреді деп жұбатады. Қазақстанда жылдық инфляция қазанда 8,5 пайызға дейін өскен. Бұл "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан болған.

Ал ұлттық теңгеміз 1993 жылы 15 қарашада кеңестік рубльдің орнына енгізілгенді. Бастапқыда 1 АҚШ доллары 4теңге 75 тиынды құрады. Содан бері үш онжылдықта теңге бағамы кем дегенде жүз есеге құлдырады. Себебі 5 рет девальвация болды. Қазір де теңге құлдырап, бір долларың 520 теңгеге дейін жетті. Ұлттық банк бұған ішкі және сыртқы факторлар әсер етіп жатқанын алға тартады.Қазақстандықтар үшін бұл қымбатшылық. Импорттық тауарлардың бағасы шарықтайды. Киім-кешектен бастап, техниканың бәрі сырттан келеді. Сатып алу қабілеті төмендейді, халық кедейленуде. Ал Ұлттық банктің теңселген теңгені ұстап тұруға шамасы жетпей жатыр.

Егер елде өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып жатса, онда мықты ұлттық валютаның қажеті де жоқ. Ол сыртқы нарықтарда бәсекеге түсе алатындай әлсіз болуы тиіс. Бұдан басқа, арзан жұмыс күші болуы керек. Валюталық арна - біздің импортқа тәуелділігімізді ескере отырып, инфляцияның негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады. Сондықтан құнсыздану инфляцияға елеулі соққы болады. Бұл орайда бағаның өсуінен зардап шегетін халық ғана . Ал экспорттаушылар мен министрлер кабинеті үшін бұл жақсы. Импортпен келіп жатқан тауарлардың құны доллар өссе бірден шарықтап кететінін еске салғым келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.