Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗЫНА НЕГЕ ТОЛМАЙ ЖАТЫР?

c 08:11, 22/11 c 1

0:00 / 0:00

Олжас Бектенов бұл жолы бюджет туралы құжатын құшақтап Сенатқа келді. Тәуелсіз экономистердің пікірінше, Қазақстанда бюджет дағдарысы орын алып отыр. Қазынаның түбі көріне бастаған сияқты. Себебі, Республикалық бюджеттің шығыстары кірістерден асып кетті. Ал салық түсімдері жоспарлағандай болмай отыр. Сенаторлар алдына келген министрлер кабинетіне сұрақтары мен сыни пікірлерін, ұсынымдарын айтып қалды. Депутаттардың айтуынша, бюджет тапшылығының орын алуына бақыланбайтын қарыз және толып кеткен қорлар себеп. Осылайша квазимемлекеттік құрылымдар парламенттік және қоғамдық бақылаусыз ірі қарыздарды жиі тартады. Мемлекеттік органдар үшін мұндай қарыздарды парламентпен келіспеуге мүмкіндік беретін кемшілікке айналды. Ол аздай «екiншi бюджет» ретiнде жұмыс iстейтiн түрлi қорлар парламенттiң және тiптi Жоғары аудиторлық палатаның жалпы қаржылық бақылауынан тыс қалған. Қазақстанның зейнетақы және сақтандыру қорларындағы ахуалға тоқталған сенат төрағасы қорлардағы активтер бүгінде ел бюджетінің барлық шығыс бөлігінен асып түседі. Бюджеттің шығыс бөлігі - 24 триллион теңге болса, аталған қорлардың активтері - 25 триллион теңгеден асады. Парламент бұл шығындарды бақылай алмайды деді. Сондай-ақ, сенаторларды шикізатқа тәуелділіктен арылып, қайта өңдеу өндірісн дамыту мәселесі мазалады.

Алайда, сенатор Нәутиевтің мәліметі премьер-министрдің жауабымен қиыспай қалды.

Жолға бөлінген триллиондар да өз нәтижесін бермей отыр дейді депутат.

Өткен жылы үкімет 2024 жылдың кейбір салықтарын аванспен ала отырып, табыс салығын аздап «жеделдетті». Нәтижесінде салық түсімі толық сәтсіздікке ұшырады. Бұл «салықтық маневр» ақталмай, бір жарым миллион долларға жетіспеушілік туындады. Бюджет тапшылығын жабудың ең жеңіл жолы шетелден қарыз алып, мәселені шешу болып отыр. Үкімет бюджеттің жыртығын жамау үшін тағы $545 млн қарыз алады. Сондай-ақ, шығыстарды жабу үшін тағы да болашақтың несібесі-Ұлттық қорға қол салып жатырмыз.Бас экономист Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды дейді.

Не керек, сенаторлар 2025 жылы шығыстарды 60 миллиард теңгеге ұлғайтуды қолдап, бюджет құжаты мәжіліске кері қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.