Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

УАҚЫТ ӨЗГЕРМЕЙДІ

c 11:46, 20/11 c 4

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар ағымдағы жылдың бірінші наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр. Дәл осы күні уақыт бір сағатқа кейінге шегеріліп, UTC+5 уақыт белдеуіне өткен болатынбыз. Бұл жаңашылдыққа қарсы болған топ уақытты өзгертуден бас тарту туралы петиция жариялап, қажетті 50 мың қол жиналды. Жұмыс тобының шешімімен бұл петиция қанағаттандырылмады. Алайда, қыс мезгілі басталғалы қоғамда қолданыстағы уақыт белдеуі қызу талқылануда. Еліміздің кейбір аймақтарында күн ерте батады деген уәждерін алға тртып, бұрынғы уақытты қайтаруды ұсынғанды. Балаларымыз мектептен тас қараңғыда оралады, күн ерте батқандықтан энергия көзін тұтыну артады деген пікірлер де жоқ емес. Өз кезегінде Энергетика министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу электр энергиясын тұтынуға әсер етпегенін мәлімдегенді. Үкіметте осы мәселе бойынша баяндама жасаған сауда министрі бұл шешім – Қостанай және Қызылорда облыстары азаматтарының көп жылдар бойғы өтінішін ескере отырып қабылданды. Шешім қабылдау кезінде құрамында ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылды, – дейді. Ол UTC+5 уақыт белдеуі еліміз үшін жаңа уақыт белдеуі емес, керісінше, тарихи негізделген уақытқа оралу деп мәлімдеді.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ – ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГАРЦИЯ МИНИСТРІ "Ел аумағының басым бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Бұрынғы UTC+6 уақыт белдеуі алғаш рет 1930-1931 жылдары "Белдеу уақыты + бір сағат" формуласы бойынша декреттік уақытты қолдану арқылы енгізілді. UTC+5 еліміз үшін жаңа уақыт белдеуі емес, керісінше, тарихи негізделген уақытқа оралу".

Сауда министрінің айтуынша, 195 елдің 117-сі географиялық уақытты стандарт уақыт белдеуіне жақын таңдаған. Халықаралық табиғи уақыт альянсы (IANT) Үкіметтің орталық және шығыс облыстар үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды берген. Өз кезегінде Премьер-министр уақыт өзгермейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, отандық БАҚ беттерінде Өскемен қаласының тұрғыны Серікжан Ахметжанов үкіметті сотқа бергені туралы ақпарат тарауда. Ол уақытты өзгерту туралы шешімді заңсыз деп танып, күшін жоюды талап еткен шағымын Астананың азаматтық істер жөніндегі сотына түсірді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.