0:00 / 0:00
Орал қаласында кәсіпкерлердің табысын арттыруға көмектесетін шеберлік сағаты өтті. Кездесуде белгілі кәсіпкер, табысты бизнесвумен Бибигүл Саржанова мен елімізге танымал маркетолог Мәншүк Керей табысты бизнестің қыр-сырын айтып берді. Ал танымал кәсіпкер, “Серік” өндірістік жабдықтау кәсіпорыны” ЖШС бас директоры Серік Мерғалиев тәжірибесімен бөлісті.
Жылдан жылға бизнес жүргізудің механизмі өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпкерлердің соңғы трендтерді үйреніп, жаңа ілім үйренгені абзал. Маркетолог пен бизнес өкілдерінің тәжірибесін тыңдап, білімін жетілдіру үшін 200-ге жуық кәсіпкер шеберлік сағатына қатысты. Үнемі білімін арттырып, кәсіп жасаудың қыр-сырын үйрететін белгілі кәсіпкер Бибігүл Саржанова тәжірибесімен бөлісті. Осыдан 10 жыл бұрын Елордада өз ісін бастаған Бибигүл Сағынғалиқызы қызметкерлерді дамыту мен оқытуға тоқталды. Табысты бизнесті қалыптастыру үшін мықты мамандарды қалыптастыру маңызды,-дейді кәсіпкер.
Табысты арттыруға бағытталған шеберлік сабағы белгілі кәсіпкер Серік Мерғалиевтың бастамасымен ұйымдастырылды. “Серік” өндірістік жабдықтау кәсіпорны” ЖШС құрылтайшысы шеберлік сағатынан өзіне түртіп алар тұстар көп екенін атап өтті.
Тәжірибелі мамандардың ақылы мен сараптамасын тыңдаған кәсіпкерлер әсерімен бөлісті.
Кәсіпкерлердің табысын еселеп арттыруға арналған шеберлік сабағында ұтыстар ойнатылып, жүлдегерлер анықтады. Бизнес субъектілері кәсіпкерлермен кеңесіп, сұрақтарын жолдап, пікір алмасты.