0:00 / 0:00
Жылу беру маусымын бірге, өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақ туындайды. Жылдағы көрініс -әсіресе жер үйлерде қауіпсіздік мәселесі туындайды. Күз бен қыс мезгілінде орын алған өрттің 50%-ға жуығы пеш пен мұржалардағы ақаулардан келеді. Тек соңғы айда жүзден аса өрт орын алды.
Өрт сөндірушілер үй-үйді аралап, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстырып, ақаулар орын алған жағдайда ескертулер жасап, ұсыным беріп жатады. Үкімет басшысы тек ұсыным берумен ғана шектелуге болмайды. Газ-техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту керек. Құзырлы органдар мен әкімдіктер профилактикалық жұмысты күшейтуі қажет, - деді. Бірақ төтеншеліктерге есігін айқара ашып отырғандар аз. Бас құтқарушының айтуынша, өкінішке орай өрт қауіпсіздігін сақтамайтындардың әрекетінен кісі өлімі орын алуда. Министр Жітіқарадағы бес баланың өліміне себеп болған тілсіз жауды еске алды.
Министр өртке қарсы технкиалық жабдықтауды күшейту керек деп отыр. Мысалы, биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған 2 өртке қарсы дрон сатып алынбақшы. Әріновтің айтуынша, сатып алатын дрондарды қазақстандық фирма құрастырады. Дронның құны 120 млн теңгенің төңірегінде болады. Ол құрылғы 150 метрге дейінгі биікке көтеріліп, өрт сөндіре алады. Өрт сөндіретін көліктің кез- келгенінен жалғанып, жұмысынн атқарады.
Сондай—ақ, 60-70 жылдардағы ғимараттарда отырған өрт сөндіру бөлімшелері де жаңартылады. Өрт сөндіру деполарының құрылысына жаңа стандарттар енгізіліп жатыр. Жазда елордада 3,5 айда тез салынатын құрылымдардан тұрғызылған өрт сөндіру бөлімшесі жұмысын бастады. Жалпы, еліміз бойынша 2027 жылға дейін 121 өрт сөндіру депосы салынбақшы. Бас құтқарушы бір өрт сөндіру бөлімшесінің құны 1 млрд теңгеден асады дейді.