Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала бюджеті бекітілді

c 09:41, 11/11 c 11

0:00 / 0:00

Оралда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиында жақында тағайындалған қала әкімі Мұрат Бәйменов есеп берді. Осы сессияда шаһар бюджеті бекітілді. Қала бюджеті барлық өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, 79,8 млрд теңгені құрады. Қазына қаржысы қай салаға жұмсалады?

Қалалық мәслихаттың 16 сессиясы қызықты өтті. 38 күн бұрын тағайындалған Мұрат Байменов халық қалаулыларының алдында тұңғыш рет есеп берді. Ол атқарылған жұмыстарды баяндады. Су тасқыны кезіндегі салынған үйлерге, жол жөндеу мәселесіне тоқталып, коммуналдық саланың дамуын да айтты. Қызыл судан зардап шеккен 2500 адамға үй сатып алып берген. Облыс орталығында 2024 жылы 41 көшесінің жолы жөндеу көрмек. 57 шақырым жолды жөндеу үшін 7,3 млрд теңге қаржы бөлінген.

Шаһар басшысы коммуналдық саланы дамытуға ерекше екпін салды. Қала әкімінің сөзіне сенсек, жылыту жүйесінде біраз тозығы жеткен құрылғыларды алмастырып, жөндеу үшін қажетті құжаттар жасалып жатыр екен. Қазіргі уақытта 2 магистралдық желінің реконструкциясы бойынша жұмыс жүргізілуде, тағы 3 магистралдық желіні қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда деп есеп берді басшы.

Алдағы жылдары №21 кәріз-сорғы станциясының ғимараты қайта жаңғырмақ. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуы 5 пайызға қысқарады. Әкім есебінде облыс орталығындағы абаттандыру саласына да тоқталды. «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында биыл 12 аула жөнделді. Келер жылы жаңартылған ауланың саны 30-ға жетпек. Бұл үшін қазынадан 2 млрд теңгедей қаржы бөлінеді деп жоспарлануда.

Мәслихат депуттаттары әкімге сұрақтарын қарша боратты. Халық қалаулылары баспана, көшелерді жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтың жырын жеткізді. Олар аялдамалардың мәселесін айтып, бұралқы иттердің көптігін тілге тиек етті.

16 сессияда қала бюджеті бекітілді. Барлық өзгертулер мен толықтырулардың арқасында қазына қаржысы 3,3 млрд теңгеге көбейді.

Қала бюджеті 79,8 млрд теңгені құрады. Қазына қаржысының 51 млн теңгесі әлеуметтік қамсыздандыруға, 1 млрд теңге-жолаушылар тасымалына, 461 млн теңге абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бағытталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.