Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

21 СУДЬЯ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

c 09:42, 08/11 c 14

0:00 / 0:00

Сот жүйесін реформалау үшін Парламент тиісті заңды қарап, қабылдады. Депутаттардың айтуынша, осы құжат аясында Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеріне, сондай-ақ бірқатар басқа да заңдарға түзетулер енгізу көзделген. Атап өтетін болсақ, азаматтық және қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыда істерді алдын ала қарау сатысы алынып тасталады. Кассациялық соттарда қылмыстық және азаматтық істерді қайта қараудың алты айға дейінгі мерзімі белгіленетін болады. 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап талап қою сомалары жеке тұлғалардың мүліктік талаптары бойынша 2 000, заңды тұлғалардың талаптары бойынша 30 000 АЕК-тен төмен болады. Ал қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша кассациялық сотқа жолдануға қатысты шектеулерді алып тастау қарастырылған. Соңғы 3 жылдың ішінде жоқ дегенде 240-270 мың шешім шығарған. Жер дауы, отбасындағы жанжал, мемлекеттік сатып алулар саласында шағымдар көп. Жалпы қылмыстық, әкімшілік істерге қарағанда, азаматтық істің саны көп. Сол себепті азаматтық сотқа жүктеме де ауырлап отыр судьялар. Ал бұл салада қазір 2 700 судья жұмыс істейді.

Алайда, соттан әділ шешім күткен азаматтардың бәрі бірдей риза болып жатыр деп айта алмайсың. Заңды белден басатын судьялар да жоқ емес.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ "Сапасыз шешімдерге байланысты қанша судья жауапқа тартылды?",-

НҰРИЯ СИСЕНОВА – ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ «2024 жылдың 9 айында нақты сот ісін қарау кезінде 21 судья заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Былтырғы осы кезеңде 9 судья жазаланған еді. Яғни бұл көрсеткіш 9 айда екі жарым есеге жуық өсті».

Депутаттар сот жүйесіндегі тағы бір мәселе-әділ шешім шығару. Соттағы проблемалар әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Жабық мекемеге айналған деп отыр. Бұған дейін мәжілісмен Абзал Құспан сот жүйесіндегі кемшіліктерді айтып, сауал жолдағанды. Бірақ судьялар депутаттың пікірімен келіспейді.

Айта кету керек, бұған дейін ел Президенті сот жүйесін реформалауды тапсырған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.