Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАНХАЙДА 2,5 МЛРД $ КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

c 08:59, 05/11 c 17

0:00 / 0:00

Шанхай қаласында бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. Оған металлургия, энергетика, машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, көмір химиясы, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және басқа да салалар бойынша көшбасшы компаниялардың өкілдері қатысты. Экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамыту перспективалары қаралды. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық әріптестік артып келе жатқаны айтылды. Бүгінде біздің елде 5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Бірлескен ірі жобалардың ішінде кальцилендірілген сода өндіру зауытын, химиялық кешен және жарылғыш заттар өндіру зауыты салынбақшы. Қуаты 90 мың бірлікті құрайтын, Қытайдың автокөліктерін шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Қазақ премьері бірлескен жұмыс жалғасып жатқанын, сауда қатынастарының қолда бар әлеуеті тауар айналымын одан әрі әртараптандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту келешегі барын көрсетеді деді.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов өнеркәсіпті дамыту ел үшін маңызды басымдық екеніне тоқталып, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды. Қытайдың жетекші компаниялары Қазақстанға стратегиялық жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытып отыр. Шанхайдағы кездесу нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.

ЕРЖАН ЕЛЕКЕЕВ - «ҚАЗАҚИНВЕСТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Дөңгелек үстел нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды. Бұл компаниялардың барлығы Қазақстан үікметімен бұрынна жұмыс істеп келеді. Біздің мақсат Қазақстанда өндіріс салатын жаңа компаняиларды тарту».

Елекеевтің айтуныша, қытайлықтар біздің елде жүгері мен бидайды терең өңдейтін кәсіпорын ашуды көздеп отыр. Жүгеріден малға беретін дәрі шығаратын болса, бидайды терең өңдеп тағам қоспалары мен дәмдеуіштер шығарады.

ЕРЖАН ЕЛЕКЕЕВ - «ҚАЗАҚИНВЕСТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Бидайды терең өңдейтін компания Ақмола облысында зауыт салады. 100 пайыз қытай инвестициясы құйылады. Жоба құны 650 млн долларды құрайды. Бидайдан тамақ қоспалары мен дәмдеуіштер өндіреді»

Саран қаласында жүк және арнайы техника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жоба 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

АРҒҰЛАН МАЙҚОНОВ – БІРЛЕСКЕН ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ «Бүгін біз қытайлық Синотракт комапниясымен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келдік. Саран индустриялдық аймақ базасында жүк және арнайы техника өндіру зауыты салынады. Бұл қосымша 1 мың-1,5 мың жарым жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді».

Сондай-ақ, «Qarmet» компаниясы тау-кен және металлургия салаларында келісімдерге қол қойды. Көмір департаментінің шахталары үшін механикаландырылған кешендер сатып алу туралы келісімге қол жеткізді. Қазақстанда қуаты жылына 200 мың тонна сфералық графиті бар беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырлар шығаратын зауыт салынбақшы. Кокс-химия өндірісін жаңғырту және көмір химиясын дамыту, Теміртау қаласында қуаты жылына 100 мың тонна дайын өнім болатын домна қождарынан минералды жылытқыштар өндіретін фабрика салуға келісті. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер Олжас Бектенов Шанхай қаласында Чжанцзян ғылыми қаласының «Роботтар алқабында» болып, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы Қытай робототехника индустриясының соңғы жетістіктерімен танысты. Үкімет басшысы көрші елге сапары аясында Шанхай қаласында өтетін VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысады деген жоспар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.