Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БЮДЖЕТТІ ҚОЛДАМАҒАНДАР

c 09:29, 31/10 c 30

0:00 / 0:00

Мәжіліске премьер-министр Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті төрт көз түгел келді. Себебі, Парламентте еліміздің басты қаржы құжаты- алдағы үш жылға арналған бюджет қаралды. Бектенов үкіметі тағы да Ұлттық Қорға ауыз салды. Құжатты талқылауда депутаттар 250-ге жуық түзету енгізіп, 2025-2027 жылдары шығыс көлемін 4 трлн теңгеден астам сомаға арттыруды, оның ішінде 2025 жылға 2 трлн теңгеге ұлғайтуды ұсынған. Үкімет бұл 2 трлнды ұлттық қордан тартпақшы.

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің банядауынша, бұл құжатта 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары осы жылға қарағанда 862 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Ол 9,8 трлн теңге көлемінде жоспарланды. Яғни бюджет шығысының 38 пайызды құрайды. Алайда, депутаттар үкімет мүгедектердің жәрдемақысын бар-жоғы 4 мың теңгеге өсірген. Бұл бір министрдің таңғы асы дейді.

Тізе берсек, депутаттардың үкіметке айтар сыны мұнымен тоқтамады. Денсаулық, білім, ортажы және шағын бизенсті қолдауда да мәселе көп. Айтып, айтпай не керек. Мәжіліс үш жылдық бюджет жобасын дауысқа қою барысында құжатты қабылдап жіберді. Отырысқа қатысқан 93 депутаттың 82-сі жақтап, 11-і қалыс қалды. Ақжолдықтар қарсы дауыс берсе, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қалыс қалды. Ал қалған төрт партия қолдады.

Осылайша үкіметі үш жылдық бюджетті тағы да Ұлттық Қордың есебінен жасап шықты. Бас қаржыгер қордан қаржы тартуға мәжбүр болып отырмыз, қазына бос дейді.

Ал Ұлттық Қорға қол жая беруді қашан тоқтатамыз? Бас экономистің айтуынша, ол үшін салық саясатын жаңартып, өндірістер ашып, шағын және орта бизнесті дамытып барып бюджеттің кірісін көтеріп алу керек.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, Ұлттық қорға қаражаттың түсуі мен оны алуда теріс баланс бар. Қордан алынған қаражат оның түсімінен асып кетіп отыр. Бұл жағдайда Ұлттық қор қаражатын көбейтетін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс. Жыл басынан бері Ұлттық қордың активтері 4,5%-ға артып 62,7 млрд долларға жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.