Орал қаласында ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі басталды. Жарыс 7 спорт түрінен ұйымдастырылған. Қазіргі таңда футзалдан сайыс өтуде.
№42 "Ақниет" гимназиясында жас спортшылар футзалдан облыстың үздік құрамасын анықтамақ. Бұған дейін оқушылар жарыстың екі іріктеу турында өнер көрсетті. Әуелі мектеп, кейін ауданаралық жарыста ойнады. Жас спортшылар облыстық мектеп лигасы оңайға соқпағанын жасырмайды.
Мектеп лигасының мақсаты- спортқа бейім оқушыларды анықтап, оларға жағдай жасау. Жарысты ұйымдастырушылар жыл өткен сайын футзалға құмар балалардың қатары артып келеді,- дейді.
7 спорт түрінен ұйымдастырылған мектеп лигасының жеңімпаздары келер жылы өтетін республикалық жарысқа жолдама алып, өңір намысын қорғайды.