Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САҚТАНДЫРУ НЕГЕ САҚТАМАЙДЫ?

c 10:09, 28/10 c 26

0:00 / 0:00

Қазақстанда сақтандыру нарығы ширек ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Сақтандыру компаниялар саны да арттыү Яғни бұл сала айтарлықтай пайда әкеліп тұр. Бірақ сатандыру компанияларының аты затына сай емес. Біздің елде сқақтандыру жүйесі адамдардың құқығын қорғамайды. Яғни сақтандыру сақтамайды. Мәжіліс депутат Елнұр Бейсенбаев бұл мәселе қатысты көзіміз жеткен мысалдар көп дейді. Ал Қазақстан үлгі тұтытатын дамыған елдерде сақтандыру азаматтар үшін қаржылық тәуекелдерді азайтуға арналған әлеуметтік келісімшарт ретінде қарастырылады. Бізде сақтандыру компаниялары иелері үшін тек пайда көзі болып табылады дейді депутат.
Бейсенбаевтың айтуныша, жол апатынан адам қайтыс болған жағдайда мұрагерлерге сақтандыру сомасы төленбейді. Тек егер марқұмның асырауындағы адамдар болса ғана беріледі. Ал қайтыс болған адамның банк алдында қарызы болса, ол мұрагерлерінен өндіріліп алынып жатады.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПМД «Баланың жол апатында қайтыс болуы бойынша сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық қорғаулар жоқ. Содан кейін жол апатынан қайтыс болған үй жануарлары үшін сақтандыру төлемдері біртүрлі қарастырылған. Жануарлар үшін төлемдер бар, ал адамдар үшін төлемдер жоқ па?! Бұл әділеттілік принципі мен парасаттылыққа қайшы келеді. Сақтандыру қосымша проблемалар туғызбай, адамдарды қорғауы керек. Бұл ақылға сыймайды»

Міндетті сақтандыру үшін көп жыл бойы төлемдердің максималды сомасы небәрі 600 АЕК-ті құрайды. Бұл сома қазіргі жағдайда автокөліктерді жөндеуге және қалпына келтіру бойынша нақты бағаларға мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы, қымбат көліктің бір ғана фарасы бірнеше миллион теңге тұрады. Ал жөндеу сомасы одан он есе көп. Бұл ретте апатқа кінәлі болған адам қымбат жөндеуді төлей алмайды, бұл сайып келгенде оның қаржылық жағдайына ғана емес, отбасына әсер етіп, мүлкін сатып, несие алуына мәжбүрлейді дейді депутат.
Сондай-ақ, жәбірленушілердің бүлінген мүлікіне нақты баға беруде тәуелсіз бағалаушыларды тартпайды. Заңда болғанымен, іс жүзінде жұмыс істемейді.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПМД «Сақтандыру компаниялары залал сомасын өз бетінше бағалап, барлық жерде төлем мөлшерін төмендетеді. Адамдар автокөлікті қалпына келтіру үшін қосымша өз жинақтарын жұмсауға мәжбүр. Төмен бағаны негіздейтін ешкім жоқ, өйткені тәуелсіз бағалаушылар істен алыстап кетті, ал сотқа жүгіну ұзақ және қымбат процесс».

Сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді тізіп шыққан мәжілісмен Бейсенбаев сақтандыру нарығындағы жағдай түбегейлі қайта қарауды қажет етеді деп отыр. Ол үкіметке бірнеше ұсынысын жолдады. Ең алдымен сақтандыру компанияларын асырауындағы адамдардың болуына қарамастан қайтыс болған мұрагерлерге сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттеу. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтай отырып, 600 АЕК-тен асатын сақтандыру төлемдерінің сомасын ұлғайту, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласындағы маңызды өзгерістер пакетін дайындау қажет деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.