Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәңгір хан университеті Республика күнін атап өтті

c 17:43, 24/10 c 2

0:00 / 0:00

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Республика күні қарсаңында "Қыран елім-Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында студенттер сахналық қойылым қойып, ұлт тарихында өз қолтаңбасын қалдырған тұлғаларды рөлін сомдап, өнерлерімен тәнті етті.

Жәңгір хан университеті Республика күнін кеңінен атап өтті. Іргелі оқу орынында өнерлі жастар ұлы тұлғалардың бейнесін сомдады. Ел үшін тынбай еңбектенген жандарды еске салды. Салтанатты іс-шарада университет ректоры Асқар Наметов оқытушылар мен студенттерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Республика күнінде еңбегі көпке үлгі, өз ісінің тәжірибелі мамандары облыс пен қала әкімі алғыс хатымен және ректордың құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлттық мереке қарсаңында түрлі марапатқа ие болған жандар-қазақстандық ғылымды дамытуда өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің майталмандары. Олар жастарды патриоттыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.

Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шара "Мәдениет және өнер" студиясы дайындаған мерекелік концертке ұласты. Ұлттық мерекеде студенттер барын салды. Олар мың бұрала билеп, күміс көмей әншілер ән шырқады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.