Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

c 17:52, 22/10 c 32

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаңадан қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады. Олар ел үшін адал қызмет етіп, заң талаптарын сақтауға салтанатты түрде серт берді.

Республика күні қарсаңында жаңадан мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған жандар салтанатты түрде ант қабылдады. Облыс орталығында ұйымдастырылған іс-шарада Бөкей Орда, Бөрлі мен Жәнібек аудандарында жұмыс істейтін мамандар мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтырды.

Жаңа ережеге сәйкес дипломының жиынтық бағасы жоғары мамандар конкурсқа түспей, қызметке қабылданады. Осындай жеңілдікке ие болған жанның бірі- Альбина Жолбатырова. Жас маман Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызметке кірісті. Мемлекеттік қызметкер жеңілдіктердің арқасында жастар ауылға тұрақтап қалатын мол мүмкіндікке ие болатынын айтады.

БҚО-да жалпы 3500-нан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың 35 пайызға жуығы жастар. Ауылдық жерде мемлекеттік қызметке кіріскен жандар "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатыса алады. Күні бүгінге дейін осы бағдарламаның шарапатын 40-тан астам мемлекеттік қызметші көріп, қолдауға ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.