Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ҚАШАН ДАМИДЫ?

c 09:56, 22/10 c 30

0:00 / 0:00

Бүгінде елде 6 мың 200-ден астам ауыл қалды. Жылдан жылға ауылдардың саны азайып барады. Себебі, ауылда жұмыс жоқ, табыс көзі төмен, медицина, білім беру салалары да дамымай жатыр. Сол себепті халық қалаға жаппай көшуде.

Бар ауылдарды сақтап қалу үшін 2023-2025 жж арналған Ауыл Аманаты жобасы қабылданған болатын. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Бүкіл өңірді қамтып, ауыл тұрғынына өз шаруасын дөңгелету үшін 2,5 пайызбен өте төмен, алу тәртібі жеңілдетілген шағын несие беретін жобаға жалпы 1 трлн теңге қарастырылған. Қарап отырсаңыз ауылда кәсібін дамытамын деген адамға өте қолайлы жағдай. Алайда, жоба аясында қарастырылған қомақты сома ауылға толық жетпей жатыр дейді депутаттар. Бұған Үкіметтің өз ведомостволары арасындағы өзара келісілмеген бюрократия кедергі болуда. Ал әкімдер жоба аясында соманың қайтарылу кепілі болғанын ескеріп, көбінде тәуекелге барудан бас тартып отыр.

Осылайша әкімдер ауылды дамыту үшін батыл қадамдар жасаудан қашқақтайды. Депутаттардың айтуныша, ең болмаса ауылдың аулалары мен көшелерін тазалап, әлеуметтік нысандарды әктеп қою да әкімдердің қолдарын келмей жатыр. Ал ауыл туризмін дамытуда қарапайым шаруаны жүзеге асыра алмауда.

Мәжіліс депутаттары Бектенов үкіметінен ауыл шаруашылығы өндірушілері өндірген өнім үшін сертификаттауды жеңілдету мәселесін пысықтауды, ауылдықтарды өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құруды, Ауыл Аманаты жобасы бойынша биылға жоспарланған 100 млрд теңгені толық көлемде бөлуді тездетуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.