Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕНАТОР АЛИМЕНТ КӨЛЕМІН КӨБЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ

c 12:56, 19/10 c 33

0:00 / 0:00

Статистиканы сөйлетсек, ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіште елімізде 281 мың адам алимент төлейді. Оның ішінде 25 мыңы проблемалы алиментшілерге жатады. Яғни алимент төлеуден қашып жүрегндер. Алимент алып жатқан балалар саны 367 мыңды құрайды. Жалпы алиментшілердің қарызы 43 млрд теңгені құрайды делінген аймақтық сот орындаушылар палатасының мәліметінде. Осылайша, ажырасып кеткеннен кейін әкесі немесі анасы балаларының алдындағы парызын өтеуден қашып жүргені де жоқ емес. Бүгінде алиментші бір балаға тапқан табысының 25 пайызынан төлем жасаса, екі бала 33 пайызын, одан көп балаға 50 пайыз көлемінде алимент төлейді. Алайда, сенатор Асанованың айтуынша, бүгінге төленіп жатқан алимент көлемі баланың қажеттілігін толық жаппайды. Депутат алиментті өсіру керек дейді.

ЖАННА АСАНОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТ «Алайда, біздің пікірімізше алимент көлемі қазіргі экономикалық жағдайға сай келмейді. Баланың қажеттілігін қамти алмайды. Тәжірибеде кейбір алиментшілер жалақысын ең төменіг айлық көлемінде көрсетіп, аз алимент төлеп жүр. Ал 2024 жылы ең төменгі жалақы көлемі 85 мың теңгені құрап отыр ».

Нәтижесінде бір балаға төленетін алимент көлемі небәрі 22 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, депутат Асанова Қазақстанда әрбір бала тек тамақ пен киім ғана емес, сонымен қатар білім алуға, медициналық қызмет пен басқа да әлеуметтік игіліктерге қол жеткізуді қамтитын лайықты өмір сүру деңгейіне құқылы. Алимент мөлшерін анықтаудың қолданыстағы тәртібі ескірді және баланың жас ерекшелігі де ескерілмейді. Бұл балалардың толыққанды дамуына қажет ресурсқа қол жеткізе алмауына әкеледі дейді.

ЖАННА АСАНОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Қазіргі кезде еліміздің заңнамасында алименттің ең төменгі мөлшері туралы түсінік жоқ, өйткені олар алимент төлеушінің кіріс мөлшеріне қарамастан үлестік қатынаста есептеледі. Мұның бәрі өндіріп алынатын алимент мөлшерін азайту мақсатында төлеушіге өзінің нақты табысын жасыруына алып келеді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте алимент бір балаға ата-ана табысының төрттен бірін құрайтыны көрсетілген».

Бұл орайда сенатор үкіметке алимент бекіткенде отбасылық жағдай мен балалар саны және олардың нақты сұранысын ескере отырып, алименттің неғұрлым әділ мөлшерін белгілеу үшін неке-отбасы заңнамасының ережелерін қайта қарауды ұсынды. Жасына және әлеуметтік факторларға байланысты балаларға негізгі қажет заттар мен сұранысына талдау жасау керек. Алиментті төмендетудің алдын алу үшін жұмыс берушілер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың кірістерді жасыруын анықтау тетігін әзірлеуді сұрады. Жанна Асанова келтірген мысалда Таразда 4 млн теңгеден астам алимент төлемеген адам анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал Астанада алимент берешегі бар 150 борышкерге құмар ойын ойнауға тыйым салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.