Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

c 16:30, 18/10 c 1

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды. Қазанның 10-ы мен 15-і аралығы Өзбекстанның Самарқанд қаласында Азия біріншілігі өтті. Қазақстан құрамасы 9 медальді қанжығалады.

Батыс Қазақстан облысы академиялық ескек есу спорты түрінен тарихи медаль қанжығалады. Спорт мектебінде оқитын спортшылар ересектер арасында ұйымдастырылған Азия ойындарының жүлдегерлері атанды. Өңірдің 3 спортшысы біріншілікте бақ сынап, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Азия ойындары Өзбекстанның Самарқан шаһарында ұйымдастырылды. Біріншілікте 13 елден, 250 спортшы өнер көрсетті. Жеңімпаздарды жанкүйерлері қарсылап алды. БҚО ескек есу федерациясының төрағасы Юрий Казанин тарихи жеңістің мәні мен бапкерлердің ерен еңбегі және спортшылардың табандылығын атап өтті. Ол академиялық ескек есу спортының осындай жалынды жастар барда тек дамитына сенім білдірді. Ал Самарқанта өнер көрсеткен спортшылар сайыстардың оңайға соқпағанын айтады.

Азия ойындарында үздік үштіктің қатарынан табылған спортшылардың алға қойған мақсаты көп. Олар 2026 жылы ұйымдастырылатын Азия ойындары мен келер Олимпиада ойындарында бақ сынап, жеңіс тұғырынан көріну үшін жұмыстанбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.