0:00 / 0:00
Орал қаласында фтизиопульмонологиялық орталығында ашық есік күні өтті. Кез-келген тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелмегеніне қарамастан медициналық ұйымға қарала алатын мүмкіндікке ие. Күні бүгінге дейін ашық есік күндері арқылы 90-нан астам адам дәрігердің қабылдауында болған. Осындай тексеріс кезінде 4 адамнан жұқпалы індет анықталыпты.
Соңғы бес жылда БҚО-да туберкулезге шалдыққан жандардың саны азайыпты. Өткен жылғы тоғыз аймен салыстырсақ аурушаңдық көрсеткіші 3,5 пайызға төмендеген. Қазіргі таңда ауруханада 90-ға жуық науқас ем-дом қабылдап жатыр.
Дәрігерлерді сырқатты тез анықтайтын құрал-жабдық болғанымен медициналық ұйымдарға сақтандырылмаған азаматтардың бармауы алаңдатып отыр. Сол себепті облыс орталығында ашық есік күні ұйымдастырылады. Осы шара арқылы 92 тұрғын тексерістен өтіпті. Соның нәтижесінде 4 адамнан сырқат анықталған.
Егер 2 аптадан артық жөтелсеңіз, тершеңдік пайда болып, салмақ тастасаңыз дәрігердің қабылдауына барғаныңыз абзал.