Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар көмек сұрайды

c 16:23, 18/10 c 1

Орал қаласында орналасқан Мұхит 80 мекенжайының тұрғындары жанын шүберекке түйіп отыр. Азаматтарды бес қабатты баспананың қабырғасы қақырап, балконнан кірпіш құлауы алаңдатып отыр. Олар құлаған тас адамның өміріне балта шабуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Бұл- қаланың орталығында орналасқан баспана. Сонау 1991 жылы салынып, пайдалануға берілген. 30 жылдан кейін көпқабатты үйдің тұрғындары өмірі мен денсаулығы үшін алаңдап отыр.

Өткен жылдан бастап тұрғындар жан-жаққа хат жазып, көмек сұрайды. Олар үйдің жанынан құлаған кірпіш адамның өмірін жалмайды ма деген үреймен өмір сүріп келеді. Күрделі мәселені шешудің екі жолы бар екен. Бірі -тұрғындар өз есебінен нысаналы жарна жинап, күрделі жөндеу жасайды. Мұндай жұмыстың арзанға шықпайтыны жасырын емес. Сол себепті Мұхит 80 мекенжайының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға қатысып, жөндеуді несиеге жасай алады. Тек азаматтардың 70 пайызы тұрғын үйді жанғырту мәселесін қолдауы шарт.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйдің күрделі жөндеуі тек тұрғындар ғана шешетін мәселе. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаға қатысамыз деп шешіп қабылдап, құжат жинаса, екі жылдай уақытта баспананы жөндеуге болады деп сендірді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сектор меңгерушісі Нұртілеу Шайдығалиев. Кірпіштен келер қауіп жан баласын жазым қылмай тұрып, құжат жиналып, үй жаңғыртылады ма, ол уақыттың еншісіндегі мәселе болып қалмақ!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.