Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАСЫМАЛДАЙТЫН КӨЛІКТЕР ТЕКСЕРІЛЕДІ

c 15:31, 18/10 c 1

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Аталмыш акция 2 қазан мен 15 қараша аралығында жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылады. Жүргізуші жолға шығар алдында қауіпті жүк көліктерінің қағида талаптарын орындағанына көз жеткізуі тиіс. Өйткені сала өкілдері бақылау шарасы аясында құжаттардың сәйкестігін тексереді.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАШЕВ

БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Сонымен қатар рейс алдында жүргізуші медициналық, ал көлік құралы техникалық тексерістен өтуі шарт. Тізімдегі қағиданы бұзу дерегі анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 571 бабы, 6 бөлігіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Жүргізушіге немесе тасымалдаушы мекеме өкіліне 20-дан - 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, көлік айыптұрағына қойылады. Айта кетсек, жыл басынан жүргізушілерге қатысты 26 хаттама толтырылып, 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.