Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

c 17:34, 17/10 c 2

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің спорт нысанында бас қосуы алғаш рет емес. Мерекеге орай сала өкілдерінің арасында волейболдан облыстық турнир жыл сайын өтеді. Бұл жарысқа қазталовтық команда тұрақты қатысып келеді. Әр ойынға көтеріңкі көңіл-күймен, тың дайындықпен келетіндерін айтады.

ЭЛЬМИРА САРМАЛАЕВА

КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыстық турнирге аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, еңбек мобильділігі орталығының ұжымдарынан құралған 24 команда қатысуда. «Мұндай басқосу әріптестер арасындағы татулықты арттырып, жұмыстан бой сергітуге көмектеседі»,- дейді ұйымдастырушылар.

САЯН БАЙМҰХАНОВ

ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Әлеуметтік қорғау жүйесі саласының қызметкерлері түрлі санат бойынша көмекке мұқтаж тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұл еңбек мемлекет тарапынан ескерусіз қалып жатқан жоқ. Кәсіби мерекеде әр қызметкердің жыл бойы жинаған тәжірибесі мен жұмсаған маңдай тер еңбегі бағаланады. Ал спорттық іс-шара олардың достығын нығайтып, күш-жігерін біріктіру үшін тұрақты негізде ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.