Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОНЛАЙН НЕСИЕГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛА МА?

c 14:32, 17/10 c 32

0:00 / 0:00

Қаржы нарығындағы тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған жаңа заң жобасы несие төлеуде қиындыққа тап болған кейбір азаматтарға төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырлып отыр. Мерзімі өткен кредиттердің мәселесін реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қосымша қорғау ұсынылып отыр. Қаржы нарығын ретету және дамыту агенттігінің төрайымы осы санатқа жататын азаматтар үшін берешекті реттеу кезінде қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлем мерзімін міндетті түрде кемінде 3 ай мерзімге кейінге қалдыру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға азайту көзделеді деді. Сондай-ақ, қазақстандықтарға балаларын жоғарғы оқу орнына түсіру үшін Отбасы банк арқылы несие беру жолы да қарастырылып отыр.

Бүгінде 8,5 миллионға жуық адам несие алған. Қазақстандықтардың несие мөлшері 21 триллион теңгеден асып отыр.Оның тең жартысын тұтынушылық несие құрап отыр. Ипотека мен автокредит көрсеткіші де өскен. Өкінішке орай күнделікті азық-түлікті несиеге алып жатқандар бар. Халықтың табысы жетпей жатқандықтанда, алаяқтарға ұрынып отырғандар қаншама. Депутаттар алаяқтардың кесірінен жоқ жерде несие төлеп отырғандарды қорғау функциясын енгізу керек деген ұсынысты алға тартты. Агенттік басшысының айтуынша бүгінде 6,5 мың алаяқтық несиесі тіркелген.

Қазір телефонда отырып-ақ, онлайн несиені 1 минутқа жетпей рәсімдей береді. Бұл әрине азаматтың уақытын үнемдеп, шаруасын тез арада шешуге ыңғайлы, бірақ онлайн несие алаяқтар үшін өте ыңғайлы әдіс болып отыр. Депутаттар «халықты алаяқтықтан қорғай алмаса, онлайн несиеге шектеу қою керек»- дейді.

Қаржы нарығын реттеп отырған агенттік төрайымы онлайн несие рәсімдеу уақыты ұзартылуы мүмкін. Бірақ оған толық шектеу қою мәселені шешпейді дейді.

Сондай-ақ, Әбілқасымова алаяқтардың тұзағына түспеу үшін өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын және қаражатты басқа есепшотқа аударуды ұсынатын адамдарға сенбеу керек,- деді. Ал банк алдындағы қарызы бар борышкерлерді демалыс күндері мазалағандар жазаға тартылатынын айтты. Коллекторлар адамға күніне 3 рет қоңырау шала алады. Бірақ аудиосын немесе бейнесін жаза отырып хабарласуы керек. Егер сізге коллектордан демалыс күні қоңырау түссе, бірден Call-орталыққа хабарласып, ақпарат беру керек. Аганеттік бірден тексеру жүргізіп, мазаны алған коллектордың қызметін тоқтауға дейінгі шаралар қолданады.Ең алдымен оған айыппұл тағылады. Одан кейін қызметі толық тоқтатылады –дейді агенттік басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.