Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқа дайындық жұмыстары пысықталды

c 12:21, 17/10 c 2

0:00 / 0:00

БҚО әкімдігінде аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтың төрағалық етуімен апараттық кеңес өтті. Онда жылыту маусымын апатсыз өткізу мен мал азығын жинау мәселелері көтерілді.2024-25 жылдары өңірдегі инженерлік желілерді жаңғыртуға 11,8 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде жылу электр орталығының турбинасы, кәріз сорғы стансалары, жылу құбырлары және Ақсай қаласының 4, 5, 10-шы шағын аудандарындағы сумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтуде. Кәсіпорындардың инвест бағдарламасы бойынша жұмыстар 98% орындалған.
Әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толық дерлік даяр. Ал тұрғын үйлер бойынша әзірлік 99,2% құрайды. Тек Оралдағы басқару нысандары жоқ үйлер мен жатақханалардың жайы алаңдатарлық. Облыс әкімі аталған баспана тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Биыл қыстаққа кіретін 1 миллион бастай малға 2 млн 23 мың тонна шөп пен 233 мың тонна жем керек. Қазір қажетті көлемнің 94 пайыздайы әзір,- дейді мамандар. Бұл істе 8 аудан мен қалада мәселе жоқ. Қиын жағдай 4 оңтүстік ауданда қалыптасқан. Бөкей Ордасы мен Жәнібек аудандарында қажетті көлемде мал азығын дайындауда қиындық туындаған. Шөптің өнімділігі әдеттегіден төмен болып, орташа деңгей 1,7-1,9 ц/га құрап отыр. Осыған орай, қалыптасқан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Бөкей Ордасы және Жәнібек ауданы әкімдіктерімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осы аудандармен шекаралас жатырған Жаңақала мен Казталов аудандарының ауылдық округтерінде де мал азығының тапшылығы бар. Мәселені шешу мақсатында аталған аудан шаруаларына мал азығын тасымалдау шығындары өтелуде. Дегенмен соған қарамастан жұмыс әлі баяу. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл мәселе дереу шешілмесе алдағы жылы шаруаларға субсидия төленбейтінін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.