Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Діни қызметкерлер "OILIKE" зияткерлік сайысында ой жарыстырды

c 18:13, 16/10 c 1

Орал қаласында рухани келісім мерекесіне орай "Оi like" зияткерлік ойыны өтті. Ой жарысына облыстағы діни бірлестік өкілдері қатысты.

Рухани келісім күні қарсаңында діни бірлестік өкілдері бас қосты. Жыл сайын осы мереке дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Бірде спорттық ойындармен жарысса, енді бірде театрландырылған көріністі тамашалады. Биыл діни бірлестік өкілдері зияткерлік ойынында бақ сынады.

Қазақстан көптеген елге үлгі. Түрлі конвенция мен діни бірлестік өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Елімізде дінді еркін ұстануға, өз этносының мәдениеті мен әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіндік бар.

Қазақстанда татулық пен рухани бірлікте 3,5 мыңнан астам діни ұйымды біріктіретін 18 конфессияның өкілдері тұрады. БҚО-да 8 конфессия мен 88 діни бірлестік бар. Оның 55-і ислам, 20-сы христиан діні бағытында жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.