Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ

c 19:42, 15/10 c 34

0:00 / 0:00

Үкіметтің бұл жолғы отырысы экономикалық блокқа арналды. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, биыл экономиканың өсуі толығымен шикізаттық емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында экономиканың өсуі - 4,0% құрады. Ең жоғары өсім ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында тіркелді. Көлік қызметі, байланыс, сауда-саттық, өңдеуөнеркәсібінде де өсім бар. Дегенмен, үкімет басы әкімдер мен министрлер белсендірек болғанда, өсім көлемі бұдан жақсы болар еді деді. Инвестиция тартуда да көрсеткіш көңіл қоншытпайды.

Премьер-министр биыл қыркүйек айында инфляция 8,3%-ға дейін баяулағанын айта келе, әкімдерге азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды. Өздеріңізге мәлім, қазір елде доллар шарықтап, 490 теңгеге жақындап қалды. Әдетте доллар өссе елде қымбатшылық орын алатыны мәлім. Импортпен келетін тауар түрлеріне баға өседі, оны сылтау қылып ішкі саудада да бәрі қымбаттап шыға келеді. Ал ел бюджеті қандай бағаммен бекітілді? Долардың өсуі бюджет шығындарына қалай әсер етеді?Бас экономист бәрі бақылауда деп сендірді.

Экономикалық тартымдылығы бар жобаның бірі-АЭС құрылысы деп отыр шенеуніктер. Әзірге атом реакторын кім салады? Қашан құрылысы басталады? Белгісіз. Бірақ оны қаржыландыру жолын үкімет іздестіріп жатыр. Бұл үлкен инвестициялық жоба болады дейді Байбазаров.

Сондай-ақ, журналистермен өткен брифингте қазақстандықтардың жалақысына қатысты сұрақ қойылды. Ұлттық экономика министрі мен Қаржы министрі 2025 жылдың соңына қарай 600 мың азаматтық қызметкерге жалақы көтеру жоспары барын айтты. Ал нақты қай салада айлық өсетінін бюджеттің шамасына қарай анықтаймыз деді шенеуніктер. Сондай-ақ, қаржы министрі Такиевтің айтуынша, елімізде 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі 35 пайызды, 300-600 мың теңгеге дейін алатындар 36 пайызды құрайды. Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге алып отырғандар бар. Бұл көрсеткішті көтереміз деп уәде етті бас қаржыгер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.