Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік студенттер марапатталды

c 17:35, 15/10 c 2

Орал қаласында үздік студенттер марапатталды. "Атамекен" өнер ордасында "ORAL JASTARY-2024" фестивалі өтті. Университет пен арнаулы оқу орындарында оқитын студент жастар түрлі сайыста бақ сынап, үздіктерді анықтаған еді.

1 жұма бойы оралдық студенттер кіл мықтыдан, кім мықтыны анықтады. Студент жастар қатысқан фестиваль тартысты өтті. Шаһарымызда он аталым бойынша түрлі сайыс ұйымдастырылды. Жалпы фестиваль 7000 астам жастың басын қосты.

"Орал жастары-2024" фестивалі барысында тұңғыш рет жұмысшы мамандықтарда оқитын студенттердің "Мамандығым-мақтанышым" атты көрмесі ұйымдастырылды. Биыл ұйымдастырушылар волонтерлікке екпін салыпты.

Жастар фестиваліне қатысқысы келетін студенттердің саны артқан. Тіпті, кейбір оқу орындары екі немесе одан да көп команда жасақтауды сұрапты. Фестивальдің талабы бойынша бір оқу орнынан бір команда ойнайды. Жастарды спортқа баулу, түрлі зияткерлік қырын дамытуды көздейтін игі шара келешекте өз жалғасын таппақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.