Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су көтергіш станция пайдалануға берілді

c 17:36, 15/10 c 34

0:00 / 0:00

Орал қаласында сумен жабдықтауға арналған көтергіш станция іске қосылды. Стратегиялық нысан шаһардың солтүстік-шығыс бөлігін тіршілік нәрімен қамтиды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталды. 3 жыл дегенде зорға аяқталған станция жайлы толығырақ келесі сюжетте.

Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігі жыл санап өсіп келеді. Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Жаңа ауданның тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту мәселесі өзекті еді. Әсіресе, жоғарғы қабаттан пәтер алған жандар судан тарығатын. Бұл мәселе су көтергіш станциясының іске қосылуымен реттелмек.

Азамат Халелов, қала әкімінің орынбасары:

-Үздіксіз сумен қамту, соның ішінде жоғарғы қабаттарды судың қысымымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында осы станция салынған болатын. Мердігер мекеме "Көлсай строй" компаниясы. Атап өткендей 3 жыл бұрын бұл жұмыстар бастау алды. Бүгінде өз мәресіне жетті. Жалпы бір аптадай болды дұрыс іске қосылып, пускі ладко дейміз соның монтаждау жұмыстары жүргізілген болатын,-дейді.

Су көтергіш станция 5000 тұрғынды үздіксіз сумен қамтуға арналған. Стратегиялық нысанның құрылысы 2021 жылы басталды. Жоба негізі 2022 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда жобалау барысында қателіктер болып, мердігер компаниямен тапсырыс беруші соттасыпты. Соның кесірінен станция тек биыл ғана пайдалануға берілді.

Мұратбек Қасымов, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

-Өткен жылы агенттік құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алған болатын. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын және құрылыстың уақытылы аяқталмау себептерін талдай отырып, проблемалық обьектілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта өңір бойынша жалпы соммасы 11,2 млрд теңгеге 5 проблемалық әлеуметтік маңызы бар нысан бар,-дейді.

Стратегиялық нысанның құны 187 млн теңгені құрайды. Бұдан өзге Орал қаласының жаңа Ақжайық шағын ауданында 30 мың тұрғынды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ететін су көтергіш станциясының құрылысы жүріп жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.