Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Деркөлдіктер әкім есебін тыңдады

c 10:33, 25/01/2018 c 1053

0:00 / 0:00

Деркөл ауылында былтыр атқарылған игі іс көп. Білім саласын айтсақ, қалада соңғы бес жылда 3 мектеп салынған. Осыған дейін жалғыз ғана орта мектеп болған Деркөлде де кеше ғана 600 орындық су жаңа білім ордасы бой көтерді. Ал балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру мақсатында 200 баланы қамтитын 4 шағынорталық топтарын ашу жоспарлануда. Бұдан бөлек, былтыр жолдарды жөндеуге де рекордтық қаражат бөлінгені белгілі. Жөндеу жұмыстары жүргізілген 61 көшенің 29ы осы Деркөл соқпағы екен. Ауыл жолдарын жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, игерілді. Осылайша, 470 метрге тарта жол мен 400 метр жаяужол қалыпқа келді. Ауыл халқы да атқарылған іс нәтижесіне дән риза. Әкімге алғыстарын білдірген олар коммуналдық төлемдердің тым қымбат екеніне налиды. Коммуналдық төлем демекші, бұқара бұл төлемдерді төлеу үшін қалаға барудың қолайсыз екенін де айтып жатты. Деркөл ауылының халқы банк пен банкомат құрылғысына мұқтаж. Әсіресе ауыл қариялары зейнетақыларын алып, коммуналдық төлемдерді төлеуге ауылдан қалаға барып мезі болған. Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың бұқара халық алдындағы есебі кезінде Деркөл ауылының жұртшылығы көкейкесті мәселелерін бүкпесіз айтты. Бұдан соң қала әкімі бұқара халық көкейіндегі сауалдардың жазбаша нұсқасына да жауап беріп, жақын уақытта қарастырылатынына уәде берді.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.