0:00 / 0:00
Депутаттардың алдында есеп берген Еңбек министрі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары соңғы жылда айтарлықтай нәтиже бермей отыр деді. Оның айтуынша, еңбек нарығында тұрақты өсім болғанымен, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесінде осал тұстар анықталған. Мемлекеттің экономиканы ынталандыру бойынша қабылдаған шараларына қарамастан, жеке бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі шамамен 20 пайызды ғана құрап отыр. Бұл Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 4 есе аз, - дейді Жақыпова. Сондай—ақ елде формалды емес жұмыспен қамту көбейген. 2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңгені құрады. Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының бағалауынша еңбекақы төлеу қоры екі есе көп – 38 трлн теңгені құрайды. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады. Жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ деп отыр министр. Ал еңбекпен қамтуда біліктілі мен білімі жетіспей тұрса да, 300 мыңның айлығына бармай, одан көп сұрайтындар дар дейді, Жақыпова.
Бұл орайда министр жұмыс істегісі келмейтін қазақстандықтарға қатысты заңды күшейту қажет дегенді алға тартады. Бүгінде жұмыссыз қалған адамдарда әлеуметтік сақтандыру қорынан алты ай бойы жәрдемақы төленеді. Одан артық төлем жасалмайды, ары қарай жұмысқа тұру қажет. Ал елде жарты млнға жуық адам жұмыссыз жүр.Статисткаға бюросының мәліметінше, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр. Алайда, депутаттар сатистикаға сенбейді.
Еңбек нарығында заман талабына сай үлкен өзгерістер орын алуда. Бүгінде кейбір жұмыс түрлері автоматтандырылып, жоғалып кетіп жатыр. Алдағы 20 жылда қолдағы жұмыстың 14 пайызы жойылып кетеді деген болжам бар.
Сондықтан депутаттар еңбек ресурстарын дұрыс болжай білу керек дейді. Себебі кадрларды даярлауға бөлінген гранттар тиімсіз пайдаланылып жатыр. Мәжілістегі жиында елден жұмыс таппай, шетел асып құлпынай теріп нәпақасын тауып жатқан қазақстандықтар мәселесі де сөз болды. Азаматтарымыз елдегі жұмыстың жоқтығынан немесе айлықтың аздығынан шетел асып жатқаны мәлім. Соңғы жылдары Англия мен Оңтүстік Кореяға көп барып жатыр. Ол жақта көбісі қара жұмыс істеп, ақша тауып елге оралып тұрмыс-тіршілігін жақсаратуға мақсат қойған. Ал Қазақстанда жалақы көлемі төмен екенін еңбек министрі де жоққа шығара алмады. Жақыпова ханым қазақстандық бизнес тапқан табысының аз бөлігін ғана жұмысшылардың жалақысына жұмсайды дейді.
СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВА – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ «Біз бүгінде қазақстандықтардың жалақысы Жалпы ішкі өнімнің құрылымының 30 пайызын ғана құрап отырғанын көріп отырмыз. Ал бизенстің таза табысы 61 пайызды құрайды. Бұл сәйкессіздік. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш керсінше. Еңбекақы 50 пайызды құраса, бизнестің кірісі 30-ға дейін. Ал бізде керсінше»
Сондай-ақ, депутат Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер феномені белең алғанын айтты. Толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аса алмайтын адамдар бар. Бұл санатқа – кітапханашылар, техникалық қызметкерлер жатады.