0:00 / 0:00
Оралда Жұмағаным Рахимованың байқауы өтті. Өнерпаздар "Ақжайықтың сандуғашы" атанған әншінің репертурарынан ән шырқап, республикалық сайыста бақ сынады.
Облыс орталығында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Рахимованың байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 10-нан астам өнерпаз бақ сынады.
Өнер иелері екі кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы бөлімі қиынға соққанын жасырмады. Жастайынан музыка құдыретін сезініп, өнерге өмірге арнаған жас таланттар байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Жас таланттарды анықтап, олардың есімін елге таныту мақсатында ұйымдастырылған байқау "Атамекен" өнер ордасында гала-концертпен аяқталды. Өнер сүйер қауым Ақжайықтың ән сандуғашын тыңдап, оның жолын қуған жас таланттардың өнеріне сүйсінді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені алматылық Алихан Байсекев қанжығылады.