Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

243 маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы үйлі болды

c 17:13, 14/10 c 38

0:00 / 0:00

2024 жылы БҚО-да "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы 243 жас маман жеңілдетілген несие алып, баспаналы болды. 700-ден астам жас осы осы бағдарламаның шарапатын көрді. 2024 жылы жеңілдетілген несие алу үшін республикалық бюджеттен 3 млрд 136 млн теңге қаржы бөлінді. Бірінші қазанға дейін 1 млрд теңгеден астам қаражат иегеріліпті.

Бұл-Ақгүл Талғатбек. Сырымның тумасы бүгінде Бәйтерек ауданының орталығында жұмыс істейді. Алматыда білім алған жас маман Камен орта мектебінде сабақ береді. Ол ұстаз болуды кішкентайынан армандапты. Кейіпкеріміз 3 жылдан бері өзі қалаған мамандығы бойынша қызмет етіп келеді.

Ақгүл Талғатбек, жас ұстаз:

-22-шы жылы қызыл дипломмен жалпы Орал қаласына кері оралдым. Қазіргі таңда Бәйтерек ауданы Камен жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімін. Қазақ тілі, әдебиет пәнімен қатар пікірсайыс қозғалысын дамытуға ат салысып жатырмын, -дейді.

Ауылдық жерде еңбек жолын бастаған жас маманды мектеп ұжымы құшақ жая қарсы алыпты. Оқу ордасының басшысы ұстаздың мамандығына адалдығын, балаларды жақсы көретінін бірден аңғарыпты. Негізгі жұмысынан басқа мектепте дебат үйірмесін жандардырды.

Валентина Страдубец,Камен жалпы орта білім беретін мектебінің директоры:

-Ақгүл Әмірханқызы мектепке алғаш келгеннен бастап, сабағына тыңғылықты дайындалады. Жас ұстаз баланың дамуын деңгейін, әркез назардан ұстайды. Әр баланың тілін тапты. Оның сабағы қызықты өтеді. Ақгүл Әмірханқызы оқушылардың жүрегіне жол тапқан жан. Ол өзінің пәнін жақсы көреді. Балаларға деген сүйіспеншілігін бірден аңғардық. Жас болса да, көшбасшы. Оның оқушылары түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр,-деді.

Ауылдық жерде жас мамандардың тұрақтауы үшін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы іске асып жатыр. Кейіпкеріміз осы бағдарламаның шарапатын көрді. Ол аудан орталығынан жеңілдетілген несие арқылы үй алды.

Ақгүл Талғатбек, жас ұстаз:

-Ауылға келгеннен кейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы үй алдым. Бұл- бағдарлама жастарға өте үлкен мүмкіндік. Себебі тек ғана 0.01 пайыздық есеппен ғана 15 жылға есептелетін бағдарлама. Біріншіден үй алуға, екіншіден сол жерде тұрақты жерде, тұрақты жұмыс ретінде мүмкіндік береді, -дейді.

Жалпы БҚО-да осы жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 700-ден астам жас маман қолдау шараларына ие болды. 243 маман жеңілдетілген несиеге баспана сатып алды.

Райса Еркеғалиева, БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы:

-Бұл мақсатта республикалық бюджеттен біздің өңіріміз үшін 3 млрд 136 млн теңге қаражат бөлінді.1-қазан жағдайы бойынша сол 3 млрд 1млрд 886 млн игерілді. +
Аудан орталығына барған маман 9 млн 230 мың теңге көтерме ақы бюджеттік кредит алады. Ал жай ауылға барғандар 7 млн 384 мың теңге қаражат алады, -дейді.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2009 жылдан бастап іске асып келеді. Аталмыш бағдарламаға білім беру, медицина, мәдениет пен мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Ауылға барған жас маманға 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша көтерме ақы төленіп, жеңілдетілген несие бойынша үйлі бола алатын мүмкіндікке ие. Тек бағдарламаға қатысқан маман 3 жылдай ауылда жұмыс істеуі шарт.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.